1 тапсырма «Жамал – ескіліктің құрбаны» такырыбына әдеби эссе жазыңыз. Жазылымда шығарманың көркемдік идеялық құндылығын нақты көрсетіп, гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. 2-тапсырма. Төмендегі пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікіріңізді жазыңыз. «Д.Исабековтың «Әпке» пьесасы арқылы үлкен тәлім тәрбие алуға болады. Әпкесінің Бауырларына деген махаббаты, қамқорлығы туралы айтылады. Тіпті қазіргі кезде әпке болмак түгілі өз балаларын тастап кете баратын көкек аналар қаншама ...»
Ең үлкен күш кімнің күші? Алып балуанның күші ме, шіріген байдың дәулеті ме, жоқ әлде айлакер сиқыршының сиқыры ма? Бұл үшеуінің біреуін таңдап, нағыз күш деп ойласаңыз сіз қателесесіз. Байдың күші кедейлерге көмектескенінде, әйтпесе қолдың кірі ғана. Балуанның күші бұлшық етінде, жалғыз ғана қарсыласын жығуға жетер, он балуанға бірден шамасы жете қоймас. Сиқырдың күшін айтпасам да болады, өзі де көз байлап қызықтыратын бірнеше айладан тұратыны мәлім. Ал ешқашан сарқылмайтын, өмірде бағыт бағдар беріп, мыңдарды жығатын күш ол- білім. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» дейді қазақ. Бұл мақалды көбіміз жатқа білсек те, мағынасына терең үңіліп ойланып көрмеген болармыз.
А туа сала ештеңе білмегенімен, Алла тағала оны үйренуі үшін барлық мүмкіндіктермен қамтыған. Яғни адам туа білмейді, жүре біледі. Сол сізге берілген мүмкіндіктердің ең негізгісі, және сізді жануарлардан айыратын ол – ақыл және де ойлау қабілетіңіз. Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас демекші осы ақыл ойыңыз арқылы үйреніп, білім күшіне ие бола аласыз.
ХХI ғасыр өмірге түрлі жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. А естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда. Ол негізінен ақпараттық технологиялардың тез дамуына, қызмет көрсету саласының түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде «Сонда ол маман немен шұғылданады?» деген сауал туындайды. Бірақ дамып жатқан компаниялар бүгінде осындай мамандар іздеп жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімін сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкіл;
супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы.