Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, терең қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Қазіргі таңда Қазақстан мемлекетінде үштілділік жүйесі еңгізілу процессінде. Қазақ тілімен қатар Қазақстанда өмір сүретін ұлттарға арналған ұлтаралық қатынас тілі орыс тілі жүреді. Ағылшын тілі бүкіл әлемде ең талап етілетін тіл болып табылады. Әлемдік экономикаға аяқ басу үшін де ағылшын тілі ең қажет тіл. Алдыға қойылған Қазақстан – 2050 сияқты стратегиялардың дұрыс орындалуына үштілділік маңызды рөл атқарады.
Абай Құнанбаев кезінде қазақ халқын орыс тілін білуге шақырған. Шынымен де, орыс тілі қазақ халқына әлем әдебитіне жол ашты, елімізде тұратын басқа халық азаматтармен қатынас құралы болды. Ал ағылшын тіліне келетін болсақ, кез келген мемлекетте ағылшын тілі маңызды рөл атқарады. Бүкіл әлемде болып жатқан ең үлкен жобалар ағылшын тілінде жүргізіледі. Ағылшын тілін білген адамның алдында кез-келген есік ашылады.
Бұрын ата-бабаларымыз «Өзге тілдің тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» деп айтқандай, ең бастысы мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілін білуге тиістіміз. Елбасымыз енгызып жатқан үштілділік жүйесі қазақ жастарының заманауи талаптарға сай азаматтар болуына әкеледі.
Үш тұғырлы тіл