1-тапсырмаБерілген мәтінді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтаңыз.- Олжас, аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?- Жоооқ. Шынында да, не себепті олай?- Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек,жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.- Бекбау, оның сыры неде екен, ә?- Күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындайалуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда, ауа сәулені ыдыратып,шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқындысәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны еңқысқасы - көк түс. Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр. Көмектесіп жіберіңізші
Объяснение:
Үздіккен арманның, үзілмес үміттің мекені болған ғашықтар қаласы. Алтыны аспаннан, байлығы балақтан шалған көпестер шаһары. Таңдайы жырға, маңдайы нұрға бөленген шайырлар мекені. Жасыл желекке бөленген табиғат аясы. Ертегіге бергісіз аңыздар алқабы. Ғасыр жаңалықтарының орталығы. Мыңжылдықтар мұрасының көне жұрты. Күннен сұлу, Айдан анық ақиқат даласы шақырады!
Әуежайдан түскеннен бастап, мұндағы климаттың аса жайлы екенін аңғарасыз. Аяқ-қолыңызды жерге тигізбей тосып алатын жүргізушілер қонақжайлықтың айрықша белгісі ретінде қаланың ең көрікті жерлерін, табиғатпен егіз жаралған көшелерді мақтанышпен көрсетеді.
Орналасып алған соң, асқазан мәселесін шешу қиын емес. Қала аспазшылары бірінен-бірі өткен шебер. Таңдауыңыз бен талғамыңызға байланысты. Қаланың кез келген жерінде мейрамханалар мен кафелер, саябақтар жетіп артылады.
Асқазан мәселесін шешкен соң,
Асқазан мәселесін шешкен соң, қала тарихымен танысқыңыз келсе, орталық көшеде орналасқан тарихи-өлкетану мұражайына соғыңыз. Міндетті түрде. Себебі, 2000 жылдық тарихы бар қаланың көп қазынасын өз көзіңізбен көре аласыз. Ал бұларды місе тұтпай үлкен қазына яки жәдігерліктерді көргіңіз келсе, онда Төле би мен Байзақ батыр көшесінің қиылысында орналасқан Қарахан кешеніне барыңыз. Ғасырлар қойнауында тоғысып жатқан, Жамбыл ауданында орын тепкен Айша-бибі мазары екеуінің арасындағы үлкен махаббаттың куәсі боласыз. Олар туралы аңыздарға таңдай қағып, Бабаджа-қатун кесенесімен қосылып, жылап алуыңыз да ғажап емес.
Алайда, бұл басы ғана. Қаланың оңтүстік-шығысында, Талас өзеніне жанай орналасқан Тектұрмас кешені бар. Ислам дінінің келуіне байланысты X-XIV ғасырларда бой көтерген қасиетті орын 1935 жылы қиратылғанына қарамастан, өз болмысын сақтап қала алған. Одан қала бере, қаланың атын шығарған Қали-Жүніс шығыс моншасына барыңыз. XX ғасырдың орта тұсына дейін жұмыс жасаған монша, сізді өзінің бай тарихымен көптеген деректерге қанықтырады. Бұл да аз десеңіз, Һибатулла Тарази мешіті бар. Мұнаралары алыстан қол бұлғап шақырып тұрғандай әрі-сәрі күй кештіріп, бойдағы иманыңыздың артуына септігін тигізеді...
Алатаудан Күн қимай батқан кезде, сізге де бір сәт бой жазуға тура келеді. Самаладай жарқыраған қала жарықтары сізді армандар қиялына жетелейді. Армандар қиялы сізді Абай көшесінің бойындағы Орыс және Қазақ драма театрына алып барады. Өкінбейсіз, қайта көңіліңіз көтеріліп, тың серпін алып, бір жасап қаласыз. Ал егер оны қажет деп таппасаңыз, көңіліңіз басқа нәрсеге алаң болса, қала көшелеріндегі пиццерияларға, барларға, кафелерге, боулингке, кинотеатрларға бас сұғыңыз. Мүмкін, осы жерден іздегеніңіз табылатын шығар.
Тараз - менің сүйікті қалам!
Мен сенімен әрқашан жақсымын!
Бұл менің туган жерим!
Біздің облыста 1100 ескерткіш. Мен барып, оларды қызығушылықпен зерттеймін.
Мұнда мен туылдым, қоныстандым, достар таптым. Менің Таразбен байланысты көптеген естеліктерім бар, өйткені мен он сегіз жылдан бері білемін. Мен бұл қаланы жақсы көремін, неге екенін білмеймін. Нақты нәрсе үшін емес, немесе, бәлкім, бұл басқа қаладан айырмашылығы - дәл солай болу үшін. Менде сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім бар
Объяснение:
оригинально, не много, отлично!