1-тапсырмаМәтіндерді мұқият оқып шық.
і
інші
1-мəтін.Су-табиғатта еңкөптaрaлғaнзат.
Жершарыныңтөрттенүшбөлігін су
алып жатыр. Мұхиттар, өзен,
көлдергеқосажерастысулары да бар. Су
бұлт, тұман, бу,
жаңбыртүрiндеатмосферада да болады.
Мұздықтар мен айсбергтер де су
болып есептеледі
2-мәтін. Су – негiзгiтiршiлiккөзі.
«Сусызтіршілікжоқ», «Судың да сұрауы
бар» дейді дана халқымыз. Сондықтан суды
үнемде мсаукерек.
Мәтіндердің түрін анықта.
пайымдау
әңгімелеу
(2)
2-тапсырма
Берілген мәтінд
пінен мақал - мәтелдерді тауып, жазып ал.
(2)
3-тапсырма
Мына сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты тауып, астын сыз.
Айнұр гүлдерге су құйды.
4-тапсырма
Мұздықтар, мұхиттарсөздерін сөз құрамына талда. (2)
Кітапханадан кітап алу ережесін құрау.
Ұнатқан кітабыңды кітапханадан алып оқыған кезде төмендегі ережелерді есте сақта:
Кітапты берілген мерзімінен кешіктірмеуге тырыс. Оқып біте алмасаң, алдын – ала кітапханашы апайға айтып, кітапты қолдану уақытын создыруды ұмытпа.
Бұл кітапты тағы басқа да оқушылар оқитындықтан, ұқыпты қара. Кітап беттерін жыртпай, бүктемей, ішіне ешқандай сурет немесе белгілер салмай алған қалпыңда қайтар.
Егер сәл жыртылған жерін байқасаң, қолыңнан келсе, желімдей сал. Немесе кітапханашы апайға ескертіп қой.
Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.