1-тапсырма
Сұрақтарға жазбаша толық жауап беріп, кестені толтырыңыз.
№
Сұрақ
Жауап
1
Мәтінге қандай атау бересіз?
2
Мәтінде нені жинайтын робот шығарды?
3
Роботты қай елдің инженерлері шығарды?
4
Робот жұмысты қалай атқарады?
5
Сенің ойыңша, робот адамдарға қажет пе? Неге?
Шоқанның ата-бабалары атақты сұлтандар әулетіне жатады. Оның арғы бабасы Абылай ханХВЫЫ ғасырдағы айбынды қазақ билеушілерінің бірі болды. Ал атасы Уәли хан патша үкіметі ресми түрде бекіткен қазақтың соңғы ханы еді. Шоқанның әкесі - Шыңғыс Уәлиханов білімді адам болған. Ол 1834 жылы Омбыда Сібірдің казак әскери училищесін бітіріп, орыс армиясында жоғары әскери шен - полковник атағын алды және Қазақстанды басқару аппаратында бірсыпыра жауапты қызметтер атқарды: Құсмұрын округінің аға сұлтаны, Сібір қырғыздарының облыстық басқармасының кеңесшісі, Көкшетау округінің аға сұлтаны болды. Россияның алдында сіңірген еңбегі үшін оған өмірлік мұра ретінде дворян атағы берілді. Шоқаннын анасы жағынан туыс нағашылары — Баянауыл өлкесіндегі атақты Шормановтар әулеті болатын. Шорманов Мұса орыс армиясының полковнигі, белгілі қазақ биі, Баянауыл сыртқы округының аға сұлтаны еді.
түсіндірмелі сөздік: Сырма тоқым. э т н. Сырылып жасалған тоқым. Осыған байланысты тоқымдар киіз тоқым, с ы р м а т о қ ы м, көмкерме тоқым, былғары тоқым деген түрлерге бөлінеді (Қаз. этнография., 2, 64).
этимологиялық сөздігi жете: жетесі жаман. Жетең жаман болмаса, жете жарлы болмассың (мақал). Араб тілінде жадд (жете) сөзі "ата, ата тек, арғы ата баба" деген ұғымда жұмсалады. осы мағынада қазақта жетесіз екенсің, жетесі жоқ, жетесіз сияқты бірсыпыра сөздер қолданылады. мәні "тексіз"
фразиологиялық сөздік Адал еңбек етті: Өз күшін өзгеге қиянат, кесірі жоқ іске, кәсіпке жұмсады. Сөйтіп ол бұрынғы пендешілігін қояды, адал еңбек етеді.
Диалектологиялық сөздік Сарамдасу — танысу, білісу, жөн сұрасу
Терминологиялық сөздік Сингармонизм – сөз ішіндегі дауыстылардың бір-бірімен үндесуі
Аударма сөздік алма-яблоко-apple
Арнаулы сөздік жұлысу, жұлұсу; егіс жер, егіш шер
Синонимдік сөздіктер Әдемі - реңді, әсем, кейіпті, бүлдіршін, пішінді, көркем, өңді, реңкті, сұлу, шырайлы, келбетті, әйбат, көрікті, кескінді, айдай, арайлы, ажарлы, гөзел, дидарлы, еліктің лағындай, жанаттай, жүзіктің көзінен өткендей, тамаша, керемет, абзал, сымбатты, келісті, әсерлі, сүйкімді, әрлі