1) Тиісті қосымшаны жалғаңыз. отметьте нужный аффикс. жандос саябақ… отыр. a) -ге
b) -де
c) -да
d) -ті
e) -та
2) Сөйлемді толықтырыңыз. дополните предложение. жомарт пен айман отыр.
a) вокзалдан
b) мейрамханада
c) әуежаймен
d) дүкенге
e) қалаға
3) Етістіктің қалау райы сөйлеушінің қалау, тілек мәніндегі іс- әрекетін, қимылын білдіретін тәуелдік жалғауы келу формасының шақ, жақ бойынша түрленіп жасалуы.
a) Мен бүгін барайын
b) олардың барғысы келді.
c) біздің айтқымыз келді.
d) туылған күн тойланды.
e) ол ауылға қайтты
f) студенттер сабақ оқыды.
g) сіздердің келгілеріңіз келді.
h) сен ертең келерсің
4) Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
a) жүзген
b) жүзер
c) жүзбек
d) жүзеді
e) жүзді
5) Диалогті толықтырыңыз. дополните диалог. - сіз бүгін кешке қайда боласыз? - мен бүгін концертке барамын. кешке боламын.
a) театрдан
b) ауылда
c) қонақтан
d) үйде
e) бөлмемді
f) жұмысқа
g) жаттығуға
6) Диалогті толықтырыңыз. дополните диалог. - абзалдың ағасы қайда тұрады?
a) - теміртауда.
b) ақтөбенің
c) - шымкенттен.
d) -алматының.
e) ақтауды.
7) Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.
a) баяндалған.
b) баяндар
c) баяндалды.
d) баянда.
e) баяндама.
8) Күрделі нақ осы шақ етістігін табыңыз.
a) шыдамайды.
b) ұйықтап жатыр
c) тыңдап отыр.
d) айтып отыр
e) келіпсің.
f) айтып қойыпты
g) келіп кетіпті
h) кешігіп қалды
9) Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойыңыз. вставьте нужное слово вместо многоточия. асан мен ұлан кездеседі.
a) теміртаудан
b) қарағанды
c) шымкенттің
d)ауылда
e) түркістанға
f) астанада
g) атыраудың
h) саябақта
10) Шартты райда тұрған етістікті табыңыз.
а) айтамын
в) айтқым келеді
с) айтсын
д) айтсақ
е) айт
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Мал дәулеттің байлығы,
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы,
Күннен-күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде
Тоқуменен табылған.
Сауысқанның тамағы
Шоқуменен табылған...
Өнер-білім бәрі де
Оқуменен табылған.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Надандықтын белгісі –
Еш ақылға жарымас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу деген шыны-ды,
Тұрған сайын шыныққан...
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан,
Есер бала ұрысқан.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Әлпештеген ата-ана
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса –
Тіреу болар бұл оқу,
Қартайғанда мал тайса
Сүйеу болар бұл оқу.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқу білген таниды
Бір жаратқан құдайды,
Танымаған құдайды
Не қылғанда ұнайды?
Шырағым абай болғай деп,
Ата-енең жылайды,
Баладан қайыр болмаса,
Баланы неге сұрайды.