1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Ауа райы және климаттық өзгерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау «Көшпенділер мәдениеті», «Денсаулық - зор байлық» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Мен болашақта кім болам дегенде бірден мамандықты ойлайсың. Бірақ, бүгін мен мамандық туралы емес, басқа туралы айтқым келеді. Маған анам әрдайым "қызға қырық үйден тыю" - деген мақалды жиі айтады. Жалпы баланы жастан тәртіпке бағынуды үйрету қажет, ал қазіргі заманда тәртіпке баулитын отбасы азайып барады. Ал, қыз баланың тәрбиесі ерекше болуы керектігін айтады. Өзіне анасы қатал болыпты. Анам өзіне бұндай тәрбиенің тек жақсылық сыйлағанын айтады. Мен болашақта көркем сөйлейтін, сүйікті ата-анамның борышын ақтайтын, сегіз қырлы, бір сырлы, қазақтың қыздары, міне осындай,- дейтіндей дәрежеде боламын.
Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.
Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.
Берекесіздің аулы мерекесіз.
Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.
Гүлсіз болса жер мұңды,
Күлкісіз болса — ел мұңды.
Күлкі ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.
Той дегенде қу бас домалайды.
Тойға барсаң тойып бар,
Қомағайлықты қойып бар.
Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.
Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.
Сұлулық тойда керек,
Махаббат күнде керек.
Көппен көрген ұлы той.
Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.