1-тоқсан БЖБ№1 Бөлім «Отан отбасынан басталады» Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау дағдыларының деңгейі Орындау уақыты Тыңдалым Айтылым 6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау 6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу Білім алушы Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты, мәселені болжайды Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады Қолдану 15-20 минут Тапсырма 1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз. Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы – а ң өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды. Тірек сөздер: Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті. Тірек сөздер: Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді. Тірек сөздер: Кенже бала - отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол – қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ - үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған. Тірек сөздер: 2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз. Тақырып: 3. Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Туған жер адам өмірінде киелі орын алады. Осы жер оны өткенімен және болашағымен байланыстырады. Ата-баларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен сақтап бізге аманат етіп қалдырған асыл қазынаны көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Жыраулар жырлаған, ақындар өлең арнаған, суретшілер сурет арқылы туған жердің әсемдігін, олар үшін аса қымбат екендігін көрсетуге тырысқан. Туған жеріміздің топырағы, асқар таулары мен өзен-көлдері, даласы өте қажет екенін, сол үшін туған жерімізді құрметтеу, қорғау біз үшін міндет екенін естен шығармауымыз қажет. Бір сәт көзімізді жұмып туған жерімізді ойға алатын болсақ, ең алдымен ата-ана, бауырларымыз және достарымыз еске түседі. Себебі туған жер ол адамның шағын Отаны. Самал желімен, балалық шақтағы естеліктерімен, ата-апаларының қызықты әңгімелерімен байланыстырады. Халықта «Туған жердің жусаны жұпар», – деп бекерден айтылмаған. Әрбір тас, әрбір гүлі, бәрі-бәрі адам үшін ыстық болып тұрады. Сонымен қатар бабаларымыз қалдырған туған жерге байланысты керемет мақалдар көп. Халық даналығының ұрпақты тәрбиелеуде берер мәні өте зор. Сол мақалдардың барлығы тек Туған жерді құрметтеуге, қастерлеуге, қорғауға, Отанды сүюге арналған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні туған жерге деген ыстық махаббат «Мен – Қазақпын», «Туған жерімді сүйемін» дейтін әрбір адамның санасында, ойында болуы керек.
Сондықтан «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі ұйымдастырып жатқан «Туған жер» жобасына қатысуға шақырамыз. Жоба аясындағы барлық іс-шаралар Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен өтеді.
Объяснение:
Сипаттау мәтіні дегеніміз белгілі бір нәрсенің құбылыстың сын сипатын егжей тегжейлі сипаттайтын мәтін түрі. Сипаттау мәтінің басқа мәтіндерден айырмашылығы: етістіктері өткен немесе осы шақта қолданылады; сипаттама тілі (сын есімдер, үстеулер); көңіл күй етістіктері мен нақты зат есімдер; сенсорлық елестетуді қолданады; сипаттау үшін салыстыруды қолданады. Сипаттау мәтінін табиғат көріністерін, адам портреті бейнесі т.б. сын есімдер, үстеу түрлерін қолданылып, заттар салытырмалы түрде сипатталуында көре аламыз.