1-тоқсан «Жанды табиғат» пен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» бөлімдерінен бойынша тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
1-тапсырма: Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Кең байтақ өлкемізде бағалы тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізат беретін аңдар мен құстардың сан алуан түрі тіршілік етеді. Жыл сайын елу мың суырдың, он жеті мың ақ тиіннің, он алты мың қасқырдың, алты мың қарсақтың бес жүз мыңға жуық түлкінің терілері дайындалады.
1.Мәтіннен зат есімдерді теріп жаз:
2.Мәтіннен естістіктерді теріп жаз:
3.Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз:
4. Мәтінге сәйкес сөйлем жаз,оны сөйлем мүшелеріне талда:
2-тапсырма: Берілген мына сөзбен сипаттау, әңгімелеу және пайымдау мәтінін құрастыр: Аққайың
ӘңгімелеуСипаттау
Пайымдау
3-тапсырма: Э,Ч,В,Ф,Х,Һ,Ц,Щ әріптерінің әр қайсысына 2 сөзден жаз және 1 сөзге дыбыстық талдау жаса:
4-тапсырма:
Қаратпа сөз дегеніміз не? Бір мысал жаз:
Қыстырма сөз дегеніміз не? Бір мысал жаз:
5-тапсырма: Шығармашылық тапсырманы орындайды.
«Жарық» деген сөзбен өлең құрастыр
Отан – біртұтас ұғым.
Отан дегеніміз – біздің кіндік қанымыз тамып, алғаш тәй-тәй басқан, алғаш «ана» деп күлім қаққан, киелі жерім, атамекеніміз.Менің Отаным – тәуелсіз Қазақстан. Халық даналығы «Әркімге өз туған жері Мысыр шаһары» деп бекерге айтпаған.
Төбесі көкке тірелген таулары бар, көк-жасыл орман-тоғайлары бар, асу-асу белдері бар, қойнауы алтын астық пен малға толған кең жазира даласы бар Қазақстан әлемге әйгілі өте бай ел. Ұлан - байтақ далада төсін кеңге жайған, табиғаты әр алуан жан -жануарларға толы, аққулы көлдері бар, тулаған толқынды теңіздері бар, әсем қалалары бар достығы жарасқан көпұлтты мемлекет. Әнұранымен әйгілі, Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі егемен елімізге қызыға қарамайтын ел жоқ шығар.
Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында жыл өткен сайын еліміз қарқынды дамып келеді. Қазақстанның әлемдік картада өзіндік ерекше орны бар. Қазақстандай дархан елде қаншама ұлт өкілдері тату - тәтті, бейбіт өмір сүріп жатыр. Туған жерін жырға қоспаған, туған жері жайлы толғанбаған ақын-жазушылар жер бетінде жоқ шығар.
Менің туып - өскен жерім егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және пайдалы қазбаларға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді.
Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. Халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.