1. Толғау неліктен «Сарыарқа» деп аталған? 2. Сарыарқа жерін Қазақстанның картасынан көрсетіңдер және толғау- дағы Сарыарқа қай өңірде екенін анықтаңдар. 3. «Сарыарқа» толғауының шығу тарихы қандай? Толғауда кімдердің есімдері аталады? Толғаудан үзінділер келтіріңдер. Бұл үзіндіде ақын не айтқысы келеді? 4. Толғауда қазақ елінің қандай тағдыры суреттелген?
Ғаламтордың пайдасы мен зияны.
Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.
Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:
- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.
- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.
- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.
- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.
Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.
Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.
Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.
Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.
Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.
«Жерұйық» дегенде біріншіден, құтты мекен ойға оралады, ол қазақ халқының тарихында Асан қайғының философиясымен тығыз байланысты. Себебі, Асан қайғы жел маясына мініп халқына Жерұйық іздейді. Сонда «жерұйық» дегеніміз қандай жер және бүгінгі заманда қазақ халқы өз жерұйығын тапты ма деген сауалдарға жауап іздеу кезек күттірмес мәселе. Орхон-Енисей руникалық жазбаларын негізге ала отырып және оларды археологиялық, этнографиялық, мифологиялық деректермен толықтыра отырып, көне түркілердің дүниетаным түсінігін және олардың космогониялық танымын анықтауға негіз бар. ҚР Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Бұдан 1,5 мың жыл бұрынғы ғұн нәсілдері – түркілер – Ашина руының түркілері – Ордос алабынан ауған жүнді тайпаларының ежелгі ақсүйек әулиетінен тараған ұрпақтар.