1.Ыңғайлас салаластың ішіндегі қайталанбай келетін жалғаулықты атаңыз. A) Да, де. B) Және. C) Сондықтан. D) Бірде. E) Болмаса 2. Баяндауыштары тұлғалас, мағыналас болатын салаластың түрін көрсетіңіз. A) Ыңғайлас. B) Себеп-салдар. C) Түсіндірмелі. D) Қарсылықты. E) Кезектес. 3. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін белгілеңіз. A) Ыңғайлас. B) Себеп-салдар. C) Түсіндірмелі. D) Кезектес. E) Қарсылықты. 4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Бұл жердің дәнін мен сепкендіктен, өзгеңнен гөрі менің жаным қатты ауырды. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз. C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек. D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. E) Асқар бұл сұраққа жауап таба алмай, ұзақ үнсіз отырды. 5. Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз байланысатын салалас түрін атаңыз. Түсіндірмелі. B) Себеп-салдар. C) Ыңғайлас. D) Қарсылықты. E) Кезектес. 6.Бірінші жай сөйлемде сілтеу мәнді сөздер қолданылатын салалас түрін көрсетіңіз. A) Себеп-салдар. B) Кезектес. C) Қарсылықты. D) Түсіндірмелі. E) Ыңғайлас. 7.Қарсылық салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкіш пен Абайдың жүзіне қарады. B) Сізден сұрайтынымыз мынау: бізге қамқоршы болыңыз. C) Олар қыстаудан шықпайды, өйткені төлді қорада ұстау керек. D) Мал өріске қарай шұбатыла жөнелді. E) Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқталған жоқ 8.Құрмалас сөйлемді табыңыз. A) Ол асып та, тасып та сөйлейді. B) Қарағым, бермен екл. C) Ақылды қарттан нақыл шығады! D) Сен, сірә, жексенбі күні келерсің, не дүйсенбі күні келерсің. E) Ерлік көрсеткен ер болар. 9.Салалас құрмалас сөйлемнің неше түрге бөлінетінін көрсетіңіз. A) 2. B) 3. C) 4. D) 5. E) 6. 10.Ешқашан қайталанбай бір-ақ рет келетін жалғаулықты көрсетіңіз. A) Да. B) Та. C) Де. D) Те. E) Және. 11.Салдар мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан жалғаулықты құрмалас сөйлемді анықтаңыз. A) Қостанайдан шыққалы он күн: біз түнде де жүріп келеміз. B) Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені тұқым сепкен суға жүре алмайды. C) Өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді: бұл егін дәнін қолымнан мен септім ғой. D) Қазір ол сақалың да қырған, киімін де өзгерткен, сондықтан кескін-кейпі де өзгерген. E) Қайыр сөзді әрі қарай тереңдеткісі келмеді, сондықтан әңгіме желісін бұрып жіберді. 12.Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. A) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. B) Амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті. C) Мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді. D) Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп жоқ. E) Кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек. 13.Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз. A) Құдайдың қарарынан жалбарынып құтылуға болады, бірақ халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. B) Апай сені елжіретіп сүймейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да. C) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды. D) Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті. E) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер. 14. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз. A) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді. B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді. C) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді. D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты. E) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін 15. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылды. В) Еріншектің ертеңі таусылмас. С) Ұлық болсаң, кішік бол. D) Тоқтататын күш жоқ.. Е) Өзі барып соқтықпайды, бірақ соқтыққанды аямайды.
Астана – экономикасы шарықтаған қала.
Астана - Еуразияның қақ ортасында орналасқан еліміздің бас қаласы.
Жаңа қала Астана қарқынды дамып келеді. Небәрі жиырма жылдың ішінде қалада қаншама зәулім үйлер мен ғимараттар бой көтерді. Халық саны басында 270 мыңнан қазір миллион тұрғынға жетті.
Астана экономикасы уақыт өткен сайын қарқынды дамып келеді. Соның ішінде құрылыс пен сауда-саттықта, қызмет көрсету салаларында оң өзгерістер бар. 1998 жылы жалпы өңірлік өнім 60 млрд теңгені құраса, 2016 жылы ол 4 трлн. 8 млрд теңге болды.
Елордаға салынған инвестиция қаланың өсіп өркендеуіне үлес қосып отыр. Мәселен, 20 жыл бұрын 25 млрд теңге қаржы құйылса, көрсеткіш былтыр бір триллион теңгеге жетті. Бұдан бөлек, кәсіпкерлердің пікірінше, Астанадағы тұрақты бизнес климатты кәсіпкерлер жоғары бағалайды
Елімізде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны да артып келеді. Қазірдің өзінде Астанада тіркелген кәсіпорындар саны 100 мыңнан асады. Жалпы елорданың экономикалық әлеуеті артып келеді. 2017 жылдың бірінші жартысында олар өндірісті 55 пайыздан асырды. Тиісінше соңғы 20 жыл ішінде мемлекеттік қорға түсетін табыс 80 есеге, жалпы өңірлік өнім 190 есеге артты. Ал осыдан екі жыл бұрын Астана алғаш рет 900 миллиард теңге мемлекеттік қазынаға ақша аударып, бюджет донорына айналды.
Тәуелсіздіктің төл жемісі – Астана қаласы өзінің тарихында Қазақстан экономи¬касының даму локомотивіне айналды.