1. Үйлесім, үндесу заңы, негіз бен аффикстің заңы: A) Редукция;
B) Аккомодация;
C) Метатеза;
Д) Үндестік заңы;
E) Қосымша мен түбір заңы;
2. Негізгі зат есімді табыңыз.
A) бала, білімді,қысқы;
B) заң, құқық,колледж;
C) кітап,баладай,қалалық;
Д) университет, бақытты,денсаулық;
E) мектеп,кітап, таудай;
3. Тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз.
A) бабым,студент,балмұздағым;
B) заң,жолдассың,оқушы;
C) заңым,университетін,құқығым
Д) тарауым,тергеуші,адвокатпын;
E) тергеушің,кітапхана,адвокатпын;
4. Туынды зат есімді табыңыз:
A) достық ,балалық;
B) бардық ,аудандық;
C) құқық,қалалық;
Д) үшеу,заңгер;
E) тарау,тәуелсіздік;
5. Туынды зат есімді табыңыз:
A) ауылдас;
B) ақылдас;
C) асыл тас;
Д) хабарлас;
E) қып-қызыл;
6. Біріккен сөзді атаңыз:
A) ата-ана,бала-шаға;
B) ҚСТУ,ҚӘТК;
C) аяқ киім,қант сауыты;
Д) тасбақа,қолшатыр;
E) аты-жөні,сиыр еті;
7. Біріккен сөзді табыңыз:
A) тасбақа, күйсандық;
B) балға,заң;
C) аты-жөні, ата-ана;
Д) бала-шаға, шекара;
E) ҚМУ, қарлығаш;
8. Туынды зат есімдерді табыңыз.
А) жерлес, кәсіп, кеден
B) елтаңба, еңбек, оқу
C) оқытушы, мүдде, студент
Д) заң, хатшы, тергеу
E) жазушы, тәуелсіздік, елші
9. Үндестік заңына бағынатын аффикстерді табыңыз:
А) лас,/лес, дас,/дес,тас,/тес.
В) паз,/ қор,/ лар,/лер.
С) лас,/лес,хана,/гер.
Д) хана,/гер,/кер,/дас,/дес
Е) лас,/лес,/гер,/кер
10. Буын үндестігіне бағынатын аффиксті табыңыз:
А) –қор
В) –мен,-бен,-пен
С) -лас,-лес
Д) –кеш
Е) –қой
11. Сын есімнің салыстырмалы шырайы қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
A) лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу;
B) –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті;
C) –дай, -дей, -тай, -тей;
Д) өте, тым, ең;
E) –қы, -кі, -ғы, -гі;
12. Қай сөйлемде сын есімнің салыстырмалы шырайы кездеседі?
A) Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастар;
B) Қазақстан Республикасы «Еңбек туралы заңы»;
C) Байқаушылар-мемлекеттердің, халақаралық ұйымдардың өкілдері;
Д) Мына шартты толтыру қиындау екен;
E) Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу;
13. Қай сөйлемде сын есімнің асырмалы шырайы бар?
A) Алма шырыны тәп-тәтті;
B) Тәттіні көп жеуге болмайды;
C) Анау кәмпит тәттілеу;
Д) Тәтті тоқаш алдым;
E) Тәттілеу алма жеші;
14. Сапалық сын есімдерді табыңыз:
A) Бұлтсыз аспанға қарадым
B) Аудандық бөлімге барды;
C) Таулы аймақтан келген шығар;
D) Жазғы демалыс та бітті;
E) Білікті тергеушімен кездестім ;
15. Сын есімдердің қай шырайда тұрғанын анықтаңыз: «Білікті адвокат жастау сияқты»
A) жай шырай, күшейтпелі шырай
B) жай шырай, асырмалы шырай
C) жай шырай, салыстырмалы шырай
D) асырмалы шырай, күшейтпелі шырай
E) асырмалы шырай, салыстырмалы шырай
16. Қатыстық сын есімдерді табыңыз.
A) таулы, дәмді, жазғы
B) суық, көк, тұзсыз
C) мұртсыз, енді, қызыл
D) ақ, қысқы, жасыл
E) үлкенірек, қысқалау
17. Болжалдық сан есімді табыңыз.
A) мындай;
B) мыңдай;
C) мұндай;
D) мұнай;
E) ұлдай;
18. «Жаңа тәуелсіз мемлекетіміз» сөз тіркесінде қандай жалғау бар екенін анықтаңыз.
a) септік т
b) жіктік
c) көптік
d) әуелдік
e) жалғаулардың бәрі
19. Жатыс септікте дұрыс жазылған сөзді табыңыз.
a) қорғаушыда
b) қорғаушыдан
c) қорғаушымен
d) қорғаушының
e) қорғаушыға
20. “Біздің қызметі…” сөз тіркесіне жалғау жалғаңыз
a) –мыз
b) –міз
c) –ңіз
d) –ымыз
e) –ме
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Елбасы «Туған жер» бағдарламасының ауқымы ізінше кеңейіп, «Туған елге» ұласады деп баса айтты. Патриотизмнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатынын қадап айтты [1]. Қазақ Елi тәуелсіздiкке қол жеткiзген соң, жастарға ұлттық тәрбие беру уақыт талабымен бiрге келген игiлiктi мақсат екенi даусыз. Соған байланысты жастарды жарасымды әдеттiлiкке, ұнамды iзеттiлiкке тәрбиелеу халқымыздың қасиеттi қағидасы деп бiлемiз. Мына қайшылығы мен қасiретi асқынып тұрған заманда бұл айрықша мәселе. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын маңызды орта. Дананың да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын, ол отбасы. Қазақ қоғамында отбасы берекесі оның толыққандығында. Ата мен атаның тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасарына да сенім мол. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жастарды өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жастардың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты. Қай халықтың тәлімгерлік тәжірибесі болмасын, ол адамзат атаулыға ортақ рухани қазынаның құрамдас бөлігі. Қазақ халқының да мәдени жетістіктерін, қанына біткен адамгершілік, имандылық, балажандық, еңбексүйгіштік, қонақжайлылық, отаншылдық, т.б. қасиеттерін танытатын тәлімгерлік тәжірибесі бар. Онда кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, шешен-билер, батырлар мен ақын-жыраулардың философиялық болжамдарының, психологиялық пайымдауларының, педагогикалық тұжырымдарының өшпес ізі жатыр. Әрбiр мемлекеттiң болмысын айқындайтын, сүйенетiн рухани мұраты болуы тиiс. Бiздiң қоғамдағы бұл мұраттар өзгермелi, өтпелi сипат алуда. Егемен ел болып қалыптасудың алғашқы жылдарында қазақ екенiмiздi өзгелерге таныту мәселесi алға шыққандықтан ұлттық идеология аса өзектi. Тәуелсiз ел ретiнде өзгелердi мойындатып, ұлттығымыздың өзiмiзге қажеттi мөлшерiн алып болған соң, қоғамның даму ерекшелiгiне сай, бұл күнде аса қажеттi болып отырған рухани азықты iздестiру үстiнде. Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары - ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты екені баршамызға аян.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/1947/
© e-history.kz
Мұқтар Әуезов қазақтың бір туар жазушы,драматург.Шыққан руы қожа. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді . Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды."Абай жолы"раманы 4томнан тұрады