1.«Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.»–деген сөйлемге 4-5 сөйлеммен өз көзқарасыңызды білдіріп, комментарий жазыңыз. 2.
Мәтіннің стилі қандай?
А. Публицистикалық Ә. Ғылыми Б.Ауызекі В. Ресми іс-қағаздары
3.
Мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз
1-сұрақ
2-сұрақ
4. Мәтіндегі оқушыларға қатысты көтерілген негізгі ақпаратқа өз көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.
Жазылым. 2-тапсырма.
Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесесебептеріне өз көзқарасыңды білдіре отырып эссе жазыңыз. [10]
1. «Күндердің бір күнінде табиғи ресурстар сарқылғанда...»
2. «Биоалуантүрліліктің бұзылу зардаптары қандай болмақ?»
«Қонақта» тақырыбына диалог құрастыру.
Жайнагүл: Сәлеметсіз бе, көке! Қош келдіңіз, жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
Жандарбек: Рахмет, жаным! Қалдарың қалай? Балалар өсіп жатыр ма?
Жайнагүл: Ия, бәрі аман – есен, ақырындап жүріп жатырмыз. Балалар сабақтан енді келу керек. Бізді мақтап жүреді екенсіз, тура тамақтың үстіне келдіңіз. Қолыңызды жуып, жайғаса беріңіз.
Жандарбек: Әрине, сендердей балаларымды мақтамағанда, қайтем?
Жайнагүл: Ауыл бәрі тегіс аман ба? Апам қалай?
Жандарбек: Ауыл – аймақ аман, мен жұмыспен келгендіктен, апаларың ауылда қалды. Ертең жұмысым бітсе, қайтуым керек.
Жайнагүл: Бірнеше күн жата тұрмайсыз ба. Демалыс күні сіз «ауылдан келді» деп туыстардың басын қосып, қонақ шақырып жіберейін. Қалада білесіз ғой, жұмыс күндері көбісінің қолдары тимейді.
Жандарбек: Көңіліңнен айналдым, алтыным! Әуре болма, қонақты келесі жолы шақырарсың. Әлі талай келемін ғой.
Жайнагүл: Ол не дегеніңіз, ешқандай әуре емес.
Жандарбек: Осының өзі қонаққа келгенімдей, құшақ жая қарсы алып жатсың.
Жайнагүл: Міне, отағасы мен балалар да келді. Қолдарыңды жуып, аталарыңа сәлем беріңдер. Сосын барлығымыз отырып, тамақ ішейік. Өзім білгендей бүгін ет асып едім. Сосын жаңа піскен тәтті бәліштермен ыстық шай ішейік...
Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.