В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ладдщв
ладдщв
20.07.2020 09:57 •  Қазақ тiлi

1.Жұмбақтарды сөздіктің көмегімен
аудара отырып, дәптерлеріңе
жазыңдар
1. Басы домалақ, сабы сызық. (Ожау)
2. Өзімен біз шәй ішеміз, ұзын түтігі бар. (Шәйнек)
3. Шәйнекпен оған шәй құямыз, өзі домалақ пішінді. (Кесе)
4. Сорпа, ас ішкенде керек зат. (Тәрелке)
5. Басы өткір, сабы сызық? (Пышақ)
2.Диалогті оқып шығыңдар, жазып,
жалғастырыңдар және орыс тіліне
аударыңдар. Ыдыс түрлерін диалог
түрінде жалғастырыңдар
-Қандай ыдыстардың түрін білесіңдер?
-Кесе, қасық, шанышқы, шөміш, ожау, қазан.
-Шайды немен ішеді?
-Шәйнекпен.
-Тамақты қандай ыдысқа қайнатады?
-Қазан, кәстрөл?
-Қазақтың сүйікті тағамы етті немен береді?
-Табақпен.
-Шанышқыны қайуақытта пайдаланады?
-Түрлі салаттар жегенде.
3.Сөздікті пайдалана отырып,
мәтінді орыс тіліне аударыңдар
және дәптерлеріңе көшіріп
жазыңдар.
Үстелге қойылатын ыдыс, аспаптар

*Үстелге қойылатын ыдыс, аспаптардың түрлері өте көп. Олардың әрқайсысының өз орны және қызметі мен маңызы бар. Жақсы әйел адам немесе аспаз үстелге қойылатын ыдыс-аяққа үлкен мән берген. Қазақ халқында «Аяғына қарап, асын іш; анасына қарап, қызын ал» деген қанатты сөз текке айтылмаған. Бұл жерде философиялық ой жатыр. Ол тәрбиеге тікелей байланысты. Үстелге қойылатын ыдыс, аспаптар адамның мінезін, басқалармен қарым-қатынасын, сол отбасының аурасын да көрсетіп тұрады. Халықта «Сынық ыдыспен тамақ ішпе», «Шеті ұшқан ыдысты пайдаланба», «Кертілген ыдысты қолдансаң, көңілің кетіледі» деген ұғымдар бар. Мұның бәрі жай айтылған сөз емес, халықтың тәжірибе жүзіндегі көз жеткізген дәлелі. Той-томалақта да, жиын және ойын-сауықтарда да ыдыс-аяқты толтыру, тәрелке сындырып, ырымдау, тәрелкемен «шашу» шашу, тс.с. дәстүрлер, ырымдар жиі кездеседі.
*Ыдыстарды ұқыпты ұстау керек, өйткені ол тез сынады. Сынған ыдыстың ұшы өте үшкір болады. Қолдарыңды жаралап алуларың мүмкін. Сондықтан, балалар және ересектер ыдыстарды сындырып алмау үшін үстел үстінен алған кезде екі қолмен абайлап алу керек. Техникалық жағынан, ыдысты сындыру немесе гигиеналық жағынан, салақ болу да аса қауіпті. Басқасын былай қойғанда, лас ыдыс, үстелге қойылатын аспаптар кір болса, жұқпалы аурулар тудыруы мүмкін. Ал, сынық ыдыстар физикалық қауіп тудырады. Сол себепті де ыдыс-аяқтарға ұқыпты болуымыз керек.

Показать ответ
Ответ:
4755Kristina501
4755Kristina501
28.02.2023 13:59

Нәтиже сабақ

1.Тәуелдік жалғауда тұрған сөзді табыңдар. 

а)анам,әкең

2.Өзбек халқы үлкенге де,кішіге де кім дейді?

в)сіз

3.Буын түрлері нешеге бөлінеді?

г)3

4.Ана,әке сөзіне жалғанатын ілік септігінің жалғауларын атаңдар.

в)-ның,-нің

5.Не-ме-ре сөзіндегі буын түрін ажыратыңдар.

б)ашық буын

6.Адам бетіндегі әжім нені аңғартады?

г)біраз өмір сүріп,қиындық көргенді

7.Адамның бойын сипаттайтып сөзді атаңдар.

а)орташа,ұзын

8.Мұрын сөзінде қандай буын түре бар екенін атаңдар.

в)ашық,бітеу

9.Ілік септігі жоқ сөз тіркесін табыңдар.

в)әдемі айна

10.Сыпайы болу дегеніміз не?

б)әдеп сақтау,әдептілік үлгісін,мәдениеттілікті көрсету

2.Бақылау сұрақтарына жауап беріп,тапсырмаларды орыңдар. 

1.Отбасы мен Отанның арасында қандай байланыс бар?

"Отан – отбасыдан басталады" деп бекер айтпаған.Бұл екі ұғымның арасында үлкен байланыс бар.Бала отбасыда көрген тәлім-тәрбиені Отанына көрсетеді,жұмсайды.Отбасы ол – "кішкентай Отан".

2.Тәуелдік жалғау жалғанғанда сөзге қандай мағына береді? Мысал келтіріңдер.

Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіреді.Мысалы:Менің дәптерім,атам.Қойдың үлкені.Мектептің кілті.

3.Дыбыс үндестігіне бірнеше мысал келтіріңдер.

Үндестік заңы 2-ге бөлінеді:буын үндестігі,дыбыс үндестігі.Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады.Мысалы: Әке,шегіртке.Аға, саулық,ғалам.Дыбыс үндестігі дегеніміз - қатар келген екі дыбыстың бір-біріне ықпал етіп үндесуі.Мысалы:қалалық, мәнерле, мәжіліске, мектепте сияқты мысалдарда қала, мәнер сөздеріне қосымшаның үнді дыбыстан басталып жалғануына сөздің соңындағы дауысты және үнді дыбыстар әсер еткен.

4.Буын және оның түрлері туралы айтыңдар. Ата,әже,бала сөздерін буынға бөліп, буынның түрлерін ажыратыңдар.

Буын (фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып,дауысты дыбысқа аяқталып тұратын буын (а-ра,ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). 

А - та (ашық буын - ашық буын),ә - же (ашық буын - ашық буын),ба - ла (ашық буын - ашық буын).

5.Адамға сіз деп сөйлеу нені білдіреді?

Ол адамның сыпайылығын,кішіпейілдігін,ибалылығын білдіреді.

6.Айналайын деген сөздің қасиеттілігі неде? Анаңның сені еркелетіп жиі айтатын сөзі қандай?

Қазақ халқы бұл сөзді ертеден бастап қолданған.Ол ізгі сүйіспеншілікті,махаббатты білдіреді.

Онысы "сенің жолыңда менің жаным құрбан" немесе "саған келген пәле маған болсын" дегені...

Анам мені жиі "аппағым","тәттім" деп жиі еркелетеді.

0,0(0 оценок)
Ответ:
savolyukm
savolyukm
10.04.2020 04:45

туған жері – жамбыл облысындағы жамбыл тауының етегі. топырақ бұйырған жері – алматы облысының ұзынағаш елді мекені. шыққан тегі – ұлы жүз  шапырашты  тайпасының ішіндегі екей руы.

жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. 

жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота