В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
sharperdimas
sharperdimas
22.02.2021 12:38 •  Қазақ тiлi

1 Жақсылық Үшкемпіров қай жерде қай жылы дүниеге келген?   2 Жақсылық Үшкемпіров  қандай күрестен «Әлем чемпионы»?   3 2014 жылы қысқы олимпиада ойындары қай қаласында өтті?   4 Қазақстан құрама командасының   спорттық  киім үлгісі қалай  бағаланды?   нужно ответить на вопросы текст на картинке


1 Жақсылық Үшкемпіров қай жерде қай жылы дүниеге келген?   2 Жақсылық Үшкемпіров  қандай күрестен «Ә

Показать ответ
Ответ:
elenalenam
elenalenam
14.04.2021 10:55

Объяснение:

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы ауырмай қалса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды мінез өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!

Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.

А жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sitkavetskiy
sitkavetskiy
17.11.2020 05:57

Сән сөзін естіген кезде, көзімізге стильді және сәтті адамды елестетеміз. Бұл үлкен бизнес. Күн сайын біз жарқыраған дүкен терезелерінің жанынан өтеміз. Автобустарда, теледидарда және газеттердегі жарнамаларды көреміз. Сондықтан, біз атақты брендтердің киімін киіуге тырысамыз. Көптеген жасөспірімдер, достары мен таныстарының сыртқы келбетіне тым көп назар аударады. Өкінішке орай, егер ата-аналары балаларына сәнді киімдерді сатып бере алмаса, олар жолдастарының қасында өздерін төмен сезінеді. Осылайша, киім адамдарды әлеуметтік топтарға бөледі.

Менің ойымша, әр адамның өзіндік стилі және ерекше көрінісі болады. Ол киімді өзінің талғамына, жасына, жұмысына, дене бітіміне және мінезіне сәйкес таңдауы керек. Мен сәнге көп мән бермейтінімді қуана хабарлаймын. Басқа адамдар не киіп жүргеніне қарамаймын. Ең бастысы – киімім дәл және сұлу болғаны жеткілікті. Қыздардың ашық киімдерді киюіне қарсымын. Сондай-ақ, жарқын макияж жасауды ұнататын, шашын және тырнақтарын әртүрлі түстерге жиі бояйтын адамдарды қолдамаймын. Бұл ақшаны далаға лақтырғанмен бірдей.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота