1. Жалғаулық шылауды көрсетіңіз.
А)Кейде; В)Ән бе екен?; С)Төмен қарай; Д)Намыс пен ерлік; Е)Бар ма?
2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.
А)Көз шырымын алды; В)Мен келдім; С)Мүмкін, келер; Д)Оқыған оқушы; Е)Меніңше, дұрыс.
3. Жай сөйлемді ажыратыңыз.
А)Абайдың шәкірті; В)Дала тастай қараңғы екен;
С)Ұрыншақ жігіт; Д)Ауыл іші; Е)Төбе шашы тік тұру.
4. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А)Асқар онша әнші болмағанмен, музыкалық сауаттылығы жоғары еді; В)Құлыншақ бірде қол кісі, бірде шал кісі; С)Қоңырау соғылды; Д)Түйе екеш түйе де керек: әрі көлік, әрі асыл жүні бар; Е)Екпей, егін болмас, үйренбей, білім болмас.
5. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.
А)Ер жолдасы- тәуекел; В)Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында; С)Көп түкірсе, көл болады; Д)Айласыз батыр алданар; Е)Оқ жетпес жерге қылышыңды суырма.
6. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.
А)Үй тарлығынан қысылып отыр; В)Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер; С)Тарлық тірі жанға не істетпейді?; Д)Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?; Е)Үйі тар болғандықтан, қонақ та шақыра алмады.
7. Үстеу қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
Оқты жаңбырша жаудырды.
А)Пысықтауыш; В)Бастауыш; С)Толықтауыш; Д)Баяндауыш; Е)Анықтауыш.
8. Стильдің анықтамасын табыңыз.
А)Көркем сөйлеу әдебі, мәнерлеп айту жүйесі; В)Сөйлей білудің және жазу мәнерінің қалыптасқан жүйесі; С)Сөйлей білу үшін қолданылатын құралдар туралы ілім; Д)Жазу мәдениеті , көне сөздерді қолдану тәсілі; Е)Ауызша айту әдебі.
9. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз.
А)Бұ-лтты-лық; В)Бұлт-ты-лық; С)Бұл-тты-лық; Д)Бұ-лт-ты-лық; Е)Бұ-лт –тыл-ық.
10. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
А)Ақыйу; В)Ахию; С)Ақіиу; Д)Ақиу; Е)Ақию.
11. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсетіңіз.
А)Фотокөрме; В)Шаңсорғыш; С)Қызкеліншек; Д)Қонақжай; Е)Алтыбақан.
12. Сөз құрамын, сөз таптарын зерттейтін ғылым саласын белгілеңіз.
А)Фонетика; В)Синтаксис; С)Пунктуация; Д)Лексика; Е)Морфология.
13. Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.
Уай, шіркін, ән деп осыны айт.
А)Бірыңғай мүше; В)Қаратпа; С)Одағай; Д)Еліктеу; Е)Қыстырма.
14. Туынды сын есімнен жасалған.
А)Құрт-құмырсқа; В)Апыл-ғұпыл; С)Ұрмай-соқпай; Д)Жігіт-желең; Е)Үлкенді-кішілі.
15. «Ма», «ме», «ба», «бе» - шылауы қандай грамматикалық тұлғалармен сәйкес келеді, табыңыз.
А)Етістік жұрнағы; В)Көсемше жұрнағы; С)Есімше жұрнағы; Д)Рай жұрнағы; Е)Болымсыз етістік жұрнағы.
16. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.
А)Қараңғы түсті де, жұлдыздар көріне бастады; В)Айтқандарың жаққан соң, алыс-жақын тыңдайды; С)Олақ өзгеге сенсе, өнерлі өзіне сенеді; Д)Түлкінің қызылдығы өзіне сор; Е) Ұлың өссе, ұлығың.
17. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз.
А)Құмырсқа бел - жіңішке бел; В)Сәлем – сауқат; С)Бажа – абысын; Д)Аш – тоқ; Е)Аралас – құралас.
18. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.
А)Бос шылбырды сүйретіп қайтесің?; В)Аққу жүзді сызылып; С)Орманның оңтүстік тарапына жатады; Д)Көк торғын Көкшетауды мұнар басқан; Е)Жиырма бестерге келген қыз екен.
19. Деректі зат есмідер қатарын табыңыз.
А)Ауа, жел; В)Ақыл, ес; С)Көңіл, сезім; Д)Мектеп, ағаш; Е)Ой, сана.
20. Ыңғайластық жалғаулықтар қатарын көрсетіңіз.
А)Өйткені, себебі, неге десең; В)Мен (бен, пен), да (де, та, те), және, әрі; С)Сондықтан, сол себепті; Д)Алайда, әйтпесе, әйтпегенде, бірақ; Е)Я, не, немесе, болмаса, біресе, әлде.