1.Жай сөйлем туралы айтып өту. 2. Адам бәрін жасайды. Билл Гейтс тақырыптарына сұрақтар қою.
3. Грамматика бойынша 2-3 сөзді жіктету, тәуелдету, септету.
Билл Гейтс - әлемдегі бай адамдарының ішінде ең байы, жасы жағынан ең жасы. Жеке байлығы 100 млдр. долларды құрайды. Әкесі – адвокат, анасы – мектеп мұғалімі болған. Лейксайд жекеменшік мектебінде оқыған. Осында компьютерге деген қызығушылығы артады. Ол кезде жеке компьютерлер болмағандықтан, ғылыми орталықтардағы үлкен ЭЕМ-дарда жұмыс жасау уақыты ақша тұратын. «Болашаққа жол» кітабында «Біз Поль Алелен екеуіміз қарапайым программа жасаудан бастадық. Оқушы үшін әр жазда 500 доллар табу үлкен қаржы еді» - деді. Сонау 1974 жылы американдық MITS фирмасы Altair 8800 шағын қондырғысын шығарды. Кейіннен бұл әлемде алғашқы жеке компьютерлер болып саналды. Ол Гарвард университетінің бірінші курсында оқитын Билл Гейтстің программасы – программистер үшін құралмен (Бейсик тілінің интерпретаторы) жабдықталды. Бұл Гейтс үшін әлі күнге дейін үлкен мақтаныш. Осы арқылы ол бірінші болып нарық әлемінде өзі қалаған күрделі тірлікке сәтті қадам жасады.Алғашқы жетістікпен қанаттанған олар екінші курстан оқуларын тастап, компаниясын құрады. Altair компьютері алғашқы шыққаннан кейін арада төрт жылда Microsoft Бейсик программасы жеке компьютерлердің 23 үлгісіне жұмыс жасай бастады. Осының бәрі Гейтстың мектептегі жобалары еді. IBM-ның сенімін алған соң енді кезек күттірмей операциялық жүйе жасау керек. Бұл үшін операциялық жүйемен айналысатын инженер Тим Паттерсон дегеннен дайын жобаларды сатып алады. Мұның бәрі IBM-ның «тұңғышы» саналатын MS-DOS көпшілік үшін IBMPS-DOS операциялық жүйесі жарыққа шығардан бір ай бұрынғы тірлік еді. Осы отыз күн Гейтстің табандылығы мен фирмадан 60 инженердің «ми шабулының» нәтижесі еді. Арада бірер жыл өтеді. Гейтстің фирмасы енді операциялық жүйе жасауда «көгілдір алып» IBM-ның өзін басып озады. Олардың жүйесі ондаған миллион компьютерді іске қосады, сұраныс күн сайын арта түседі. Осылайша, Microsoft операциялық жүйе жасау жөнінен әлемде жетекші ролге ие болады. Гейтстің жетістіктерінің сыры, оның өз тауарын стандартқа айналдыруында жатыр. Сонда ол тауар өзін қайта-қайта сатып отырады. Гейтс қолдануға ыңғайлы, жан-жақты жетілдірілген жүйенің компьютерлер үшін үнемі қажет болатының дер кезінде бағалай білді. «Бір үйреніп алған тұтынушы өзгені қажетсінб
Менің туған жерім – Қазақстан Республикасы. Бурабайдың қатты қарағайлары, тың жердің алтын егіндері, Ұлы даланың ақшыл бетегесі – барлық менің Қазақстаным. Менiң Қазақстаным - ел ыстық қалаулы сонымен аяулы, маңызды, асыл. Еңбек, тер және қандар, қуаныш және бейнеттер неше өткен ұрпақтар үлесiне тидi.
Әр Қазақстанның азаматы айрықша күнін есте сақтады және онымен мақтанады. 1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси тәуелсіздігі туралы конституциялық заң қабылданды. Қазақстан халқы үшін ұлы күн. Бұл барлық еңбекқорлықтың, халықтардың достықтың нәтижесі.
Біздің елбасымыз – Касым-Жомарт Токаев дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Объяснение:
Қазақстан табиғаты туралы.
Атамыз қазақ қашанда адам мен табиғат ұғымы егіз деп санаған, себебі адам да табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Сондықтан халқымызда «Жер-Ана» деген егіз үғым қалыптаскан. Жерді өз Анасындай, Анасын Күндей қастерлеу Ата қостаған салтымыз. «Жер шоқтығы - Көкшетау», «Жер жаннаты - Жетісу» деп, бабаларымыз туған жерге, табиғатқа деген ыстық махаббатын білдірген. Сондықтан осындай баға жетпес байлық табиғатты аялау - біздің міндетіміз.
Қазақстан Республикасының аумағы батысында Еділ өзен алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, солтүстігнде Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Осынау кең байтақ ұлан ғайыр еліміздің табиғаты да алуан түрлі. Жылдың төрт мезгілі де ерекше сезіліп, қай аймақты алып қарасаң да жайнап тұрады. Мысалы, кей елдерде қыс болмай, балалар қар дегенді білмей жатса, біздің елімізде ондай мәселе жоқ. Қысымыз боранды күндерімен, сықырлаған аязымен, ақ ұлпа қалың қарымен ерекше. Ал көктем келісімен айналаның барлығы құлпыра түседі - қалың қар еріп, жасыл кілемге айналады. Сылдырап тау бұлақтары ағып, жан – жақтың барлығы жайқалған өсімдіктерге толады. Ал жаз мезгілі болса, балалардың демалысқа шығып, мәз – мейрам болып, жеміс – жидектің пісетін уақыты. Жаз мезгілі зымырап өтіп, артынша алтын күз де келіп жетеді.
Мәне, менің туған өлкемнің табиғаты осындай әсем, әрі көркем.