1. Жазба тіл стиліне жатпайтын стильді көрсетіңіз. А) публицистикалық В) ғылыми
С) ресми іс-қағаздар Д) ауызекі сөйлеу
Е) көркем әдебиет
2. Сөйлеу тілінде көп кездесетін сөздер.
А) диалект В) термин
С) тарихи Д) архаизм
Е) кірме
3. Мәнді сөйлеудің негізгі сапасын көрсетіңіз.
А) Өз сөзіңді мойындата білу В) Тыңдаушының ойынан шығу
С) Тіл тазалығын сақтау Д) Оқшау сөздерді қолданбау
Е) Кәсіби сөздерді жиі қолдану
4. Әдеби тілде жазуда бірізділікті қалыптастыратын норма қалай аталады?
А) Лексикалық норма В) Орфоэпиялық норма
С) Орфографиялық норма Д) Грамматикалық норма
Е) Әдеби норма
Бұл поэмада бір отбасының жалғыз баласы ауыр сырқатпен сырқаттанып қалады. Емші шал баланы тек аққудың қанатымен аластаса ғана ауруынан сауығады деп айтады. Әкесінің аққуды өлтіруге дәті бармағандықтан оның орнына анасы мылтығын алып, аққулар тұрақтайтын көлге барады. Көлге келгенде ананың қолындағы мылтығы абайсызда атылып қалады.Сөйтсе мылтықтың оғы аққуға тиген екен. Шуды естіген қарт жылқышы көлге қарай келеді де, аққу өлтірген анаға ақыл береді. Қалай болса да ана аққуды үйге әкеледі,бірақ үйге қайтып оралғанда баласынын қайтыс болғанын көреді.Осылайша шығарма аяқталады.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр ғарыш айлағы еліміздің Қызылорда облысы Қармақшы ауданында орналасқан. Байқоңыр - әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы. Аумағы 6717 шаршы шақырымнан асады.
Байқоңырдың іргесі 1955 жылы қаланып, 1957 жылдың 4 қазанда тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылған болатын. Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Бұдан кейін де Байқоңыр ғарыш кеңістігін игеруде көптеген жаңашыл бастамалардың старттық орнына айналды. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Шолпанның алғашқы жасанды серіктері, "Восток", "Восход", "Союз", "Прогресс" ғарыш кемелері, түрлі орбиталық станциялар, жұмыстар жүргізуге арналған, байланыс мақсаты үшін пайдаланылатын және метеорологиялық бақылаулар жүргізуге арналған түрлі зымырандар ұшырылды. 50 жылдан астам уақыт ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1500-ден астам әртүрлі мақсаттағы ғарыш аппараты
Байқоңырды салар кезде бұл жерді таңдаған себептердің ішінде экватор жазықтығына жақындық, өзге елді – мекендерден қашықтығы, ракета ұшырудың қауірсіздігі секілді себептер негіз болды.
1995 жылдан бері Байқоңыр – Ресей Федерациясының құрамындағы федералдық маңызы бар қала.