1) Жер бетінде қанша адам бар?
2) Жердің қай бөлігінде адам саны көп?
3) Халық санының көбеюі немен байланысты?
а) Адам саны көбеюінен қандай мәселелер туындайды?
5) Туындаған қиындықтарды қалай шешуге болады?
в) Жердегі адам санының күрт өсуі неге алып келуі мүмкін?
Публицистикалық стиль: Күз келіп, ауа-райы салқындай түсуде. Синоптиктердің болжауынша аптаның соңына дейін температура 0-ден төмен деңгейде сақталады.
Ауызекі сөйлеу стилі: Күн бұзылып кетті. Енді салқын болады дейді. Жылы киіну керек еді.
Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі.
Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады.