1. Жылыжай эффектісі деген не? Оны қандай газдар тудырады? Бұл газдардың кейбірінің формулаларын жазыңдар.
2. А. Параграфта көрсетілген деректерді пайдаланып, 1960 жылдардан бастап
со, мөлшерінің өзгеру графигін тұрғызыңдар. Бұл графикті осы жылға дейін
жалғастырып сызыңдар.
Ә.3-5—10 жылдан кейін CO, мөлшері қандай болуы мүмкін екенін болжап көріңдер
Б. Бұл график нені көрсететінін түсіндіріңдер.
В. Неліктен осылай болғанын талқылаңдар.
3. Бұл мәселені шешуде қандай жоба ұсынар едіңдер?
"Уақыт" сөзіне диаграмма құрастыру:
Уақыт:
- баға жетпес құндылық
- бос уақыт
- тиімді пайдалану
- уақыт - ақша
- жоспар құру
- талдау жасау.
Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?