10-сырма. «Ата болатын каласы» тақырыбында келісу келie- Эссе шарттары: Озін білетін, осыған ақпаратты есіңе түсір. . Эссені жоспарла. Кіріспе бөлімде «Бұл тақырып қазіргі кезде маңызды ма? деген пікірді басшылыкка ал. Herlari белімде аз мысалдары мен талдауларынды негізде. Корытынды бөлімде «Эссенің басында айтылған мәселе бойынша не деуге болады?» деген сұраққа жауап ізде. Ойынды жи- наста, корытындыла.
1934 – 50 жылы биязы жүнді жаңакавказдық типтегі рамбулье және прекос саулықтарын жабайы арқармен қолдан ұрықтандыру нәтижесінде алынды. Дүниежүзілік қой шаруашылығында алғаш рет түраралық будандастыру тәсілімен алынған бұл қой тұқымы биік тау жайылымдарын кеңінен игеріп, өзіндік құны төмен бағалы ет, сапалы жүн өндіруге мол мүмкіндік берді. Кейінірек жүн сапасын одан әрі жақсарту мақсатында асыл тұқымды малдардың бір бөлігіне кіріспе будандастыру жолымен австралия мериностарының қаны құйылды. Осы тұқымды шығарғаны үшін бір топ ғалымдарға (Н.С. Бутарин, Ә.Есенжолов, А.Ы. Жандеркин, Е.В. Большакова, т.б.) КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді (1950).
Қошқарлар мен саулықтардың тірідей салмақтары 90 – 110 кг және 55 – 65 кг, таза жүн түсімі 5,0 – 6,0 кг және 2,5 – 3,0 кг-ға жетеді. Жүнінің жіңішкелігі қошқарларында 60 – 64, саулықтарында – 64 – 70 сапалы, ұзындығы 8,0 – 10 см. 100 саулықтан 120 – 130 қозы алынады.
Бұл тұқым Алматы облысы Райымбек ауданындағы асыл тұқымды “Ұзынбұлақ” ш-нда өсіріледі. Бұл шаруашылықта осы қой тұқымын өсіріп бағуда Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған шопандар: Б.Жақсылықов (1958), Ы.Абдығұлов (1960), Ж.Молдасанов (1973).
Республикада тұқымның 300 – 400 мың басы бар (2002). Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын 1991 жылға дейін Қазақстан Республика Білім және ғылым министрлігінің Эксперименттік биология ғылыми-зертханалық институты, ал қазір Қазақ қой шаруашылығы технологиялық ғылыми-зерттеу институты жүргізеді.[1]
Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.
11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.
19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.