10-тапсырма. Асты сызылған сөздердің ауыспалы мағынасын көрсетіңдер. Үлгі: жылы алақан жылы жүрек, жылы сөз, өңі жылы екен, жылы қарсы алу. ет Жылы алақан, адамның көзі, жүйрік ат, құс ұшты, ақ түс, ащы дауыс, ішім күйді, өткір жігіт.
Нарынқұм зауалы" - М. Шахановтың шығармасы. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығына тоқтасақ, "Нарынқұм зауалы" шығармасы идеялық-тақырыптық мәнін және жазушыдын шеберлігін танытқан шығарма. М. Шаханов осы өлең арқылы балаларға қазақ халқының тарихын таныстыратын болған.
Шығармасының басты кейіпкері - Махамбетке талдау жасалады. Махамбеттің ірі тұлға екендігі танытылады. Махамбеттің түс көргендігі, қастандықпен өлтірілгендігі айтылады.
Осы өленді түсіндіре отырып, қазақ халқының өршіл рухын, көрген қасірет, бойындағы сақтай білген қасиеттерін балаға ұялата біліп, адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ халқының өз батырына құрмет көрсетуді және ерлік пен батырлыққа үйретеді.
Іле өзенінің оң жағалауында атақты әнші құм бар. Ол Алматы қаласынан жүз сексен екі шақырым қашықтықта. Бұл әнші құмның ұзындығы екі шақырымға, ені жарты шақырымға, ал биіктігі жүз елу метрге жетеді. Құмның түсі алтын түстес сап-сары. Осы құм суси бастағанда әндете жөнеледі.
Одан шыққан үн ұшақ моторының немесе суда жүзіп келе жатқан кеме двигателінің үніндей біресе қатты, біресе жай естіледі. Желсіз,тымық, жаңбырлы күндері құм үн-түнсіз жатады. Ал құрғақ та аңызақ кезде оны «сөйлету» қиын емес. Тек төбесіне ерінбей-жалықпай шығып алып, қия беткейімен жүгіре жөнелсеңіз, қатты үн шығады. Құм бейне өзінің өлі тыныштығын бұзғанын қаламағандай әсер қалдырады.
Жел қатты тұрған кезде құмнан музыкалық аспап – органның үніндей күмбірлеген үн шығады. Осы әнші құм туралы небір аңыздар бар. Соның бірі – Алланың әмірімен бұның ішіне шайтан қамалып қалған дейді.
Құмға байланысты мұндай аңыздар әр елде баршылық. Мысалы, Қызыл теңіздің жағасындағы Жебель-Накугтың биігіне шыққанда құм адам аяғының астында «ән» салып жатады. Бұл құмды былайша Қоңыраулы тау деп те атайды.Синай аралының тұрғындары бұл құмның астында үлкен монастырь бар деп есептейді. Белгілі бір сағатта оның жер астындағы қоңыраулары соғылып, монахтарды мінәжат етуге шақырады, сонда күшті дыбыстан таудың тұла бойы дір-дір етеді.
Сондай-ақ Кабул қаласынан 35 шақырым жерде Рег-Реван деген тау бар. Қазақшасы Ауытқымалы тау дегенді білдіреді. Бұл тау да Жебель-Накугке ұқсас. Оның беті ақ құммен көмкерілген. Егер оның үстімен бірнеше адам қатар жүрсе, барабанды таяқшамен соққандағыдай дауыс шығады. Мұндай құбылыс Чилидің Копиано алқабында да бар. Ондағы Эль-Брамадор деген алаптың да ғажабы аз емес. Эль-Брамадор – ұлыған деген сөз. Ал АҚШ-тың Калифорниясындағы алап қатты «жылайды», «ыңыранады» екен.
Кейбір елдерде бүкіл алқап ән салып тұратындай жерлер бар. Ондағы бұйрат-бұйрат құмдар зор дыбыс шығаратын көрінеді. Кей жерде құмның аз ғана бөлігі, шомылуға арналған жағажайлар «әндетеді». Ән салатын құмдар Кольск аралшығында, Рига құм жағалауында, Вилюя және Лена өзендері алқаптарында, Байкал көлі маңында кездеседі. Мұндай құмдар мүлде күтпеген дыбыстар шығарады. Кейбір зерттеушілер құмның әндетуін былайша түсіндіреді: дыбыс құм түйіршіктерінің арасындағы ауа қозғалысқа келгенде пайда болады деп жорамалдайды. Құм сусыған кезде құм қиыршықтарының арасы біресе ұлғайып, біресе тарылады, сонда арасындағы ауа көбейіп, азаяды. Соның әсерінен дыбыс толқыны пайда болады.
Ғалымдар қаншама зерттегенімен де әнші құмдар әлі де болса өз құпиясын толық аша қойған жоқ.

Объяснение: