10-тапсырма.байтақ далаға арнап,6-7 сөйлемнен тұратын хат жаз. хаттажаңа сөздерді пайдалан.хатта: 1. байтақ далаға өзіңді таныстыр; 2. байтақ даланы көргеніңді не көрмегеніңдіайт; 3. байтақ даладан не көргеніңді айт? 4. байтақ даладан не көргің келетінін айт; 5. байтақ далаға қандай тілек айтқың ке-летінін жаз.
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.
Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды.
Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.
Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді!
Кім біледі, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?! Мен бұл арманымды міндетті түрде орындаймын!
Объяснение
ПОДПИСКА [5] Выберите предоставленную и завершите запись. Напишите слова по правилам орфографии, правильно соедините аффиксы, используйте знаки препинания в конце предложения. 1. Природные парки в Казахстане В стране несколько природных парков. Эти парки хороши или плохи для общества? Обоснуйте свою точку зрения и напишите эссе. 2. Культурные места в столице Нур-Султан - столице. Вы посетили столицу во время летних каникул. Вы познакомились со многими культурными и художественными центрами города. Какое культурное место произвело на вас наибольшее впечатление? Поделитесь своими мыслями и напишите письмо другу.