10-тапсырма. Теменде Фогг пен Паспартудың жүрген жолы көрсетілген. Тек екі қаланың
аты түсіп қалған. Соны тап. Ол қалаларда саяхатшылар қандай күйде болған
еді?
Саяхат бағыты: Лондон - Париж - Суец - Монғолия -Бомбей - Гонконг - Ио
гама - Сан-Франциско (АҚШ) — Нью-Йорк — Ливерпуль - Лондон.
ЖАзылым
10
-тапсырма.
Төмендегі қысқа мәліметтерге сүйеніп, Фогг мырзаға мінездеме
жазыңдар.
4
Фогг жолда қайыршы әйелге садақа берді;
піл сатып алды;
жесір әйелді өлімнен құтқарып алады;
жесір әйел мен Фогт мырза бір-бірін ұнатып қалады;
Аққу- қорғауға алынған, мойыны ұзын, сұлу жыл құсы. Наурыздың басы мен сәуірдің аяғында оралып, қазан айында ұшып кетеді. Қазақстанда дыбыс шығару ерекшілігіне байланысты сұңқылдақ, сыбырлық деген екі түрі кездеседі.
Тұмсығының жиегінде үлкенді-кішілі тісшелері болғандықтан тұмсығы жалпақ әрі сүзгі қызметін атқарады. Негізінен, су өсімдігінің жапырағымен, тамырымен, кейде ұсақ жәндіктермен де қоректенеді. Аққу ұясын жұптасып қамысы нулы, суы таза, тұшы көл жағасына салады. 3-7 жұмыртқаны 35-40 күн басып шығарады. Балапандары ширақ келеді. Ал аталығы ұясын, балапандарын қорғайды. Бір ерекшелігі жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
Құстарды қорғау – біздің міндетіміз.
1. Кісі елінде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
2. Өз елім, өлең төсегім.
3. Мал қонысын іздейді,
Ер жігіт туысын іздейді.
4. Ел-елдің барі жақсы,
Өз елің барінен жақсы.
5. Іргесі берік елді
Жау ала алмас,
Ауызы бір елді
Дау ала алмас.
6. Сұңқар киясын сағынады,
Торғай ұясын сағынады.
7. Ұлтарақтай болса да
Ата қонысы жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да
Туып өскен ел қымбат.
8. Жат елдің жақсысы болғанша,
Өз еліңнің сақшысы бол.
9. Есі бар жігіт елін табар,
Есі жоқ жігіт жаттың отын жағар.