11-бет 4-тапсырма. -тапсырма. Тірек сөздерді қолданып, өз ана-
ларыңмен қарым-қатынастарың жайлы
диалог құрыңдар.
Тірек сөздер: тіл табысу, еркелету, ойлану,
ақылдасу, ұрысу/ұрыспау, келісу/келіспеу,
еркін сөйлесу, жанындай жақсы көру, мейі-
рімд у меня сор
– Сәлем,Айна!
– Сәлем,Олег!
– Қалайсың?
– Жақсы, өзің ше? Жазғы демалысқа Астанаға келдің бе?
– Иә,Петербургте уақытымды босқа өткізбейін деп,Қазақстанға ата-әжеме келдім.
– Е, жақсы болды ғой. Менің ішім пысып жүр еді. Екеуміз ойнайтын болдық қой!
– Иә, мен де қуаныштымын.Сабағың бес пе?
– Иә, бәрі бес. Сенде ше?
– Менде де, тек химиядан төртке шыққаным болмаса...Айна, саған бір сұрақ қояйыншы.
– Қоя бер.
– Қазақстанда 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күні емес пе? Осы мерекені қалай атап өтесіздер?
– Иә, дұрыс айтасың."Бірлік болмай тірлік болмас" демекші, елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде.Жыл сайын еліміз жұдырықтай жұмылып бейбітшілік мерекесін жоғары дәрежеде атап өтеді.Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді.
– Қандай тамаша!Теледидардан әрбір ұлт өкілі өз ұлттық тағамдарын ұсынып жатқандығын көргенмін.
– Және де әртүрлі ұлттардың әні айтлып, биі биленеді. Неше түрлі көріністер де қойылады."Ақпыз, қара, сарымыз, ағайынбыз бәріміз! " деп осылайша бұл мерекені атап өтеді.
– Керемет!Мен сен айтқандардың бәрін өз көзіммен көргім келеді.
– Бірақ сен оқу уақытында келе алмайсың ғой.
– Иә, өкінішке орай солай. Маған телефонмен түсіріп жіберемін деп уәде берші.
– Әрине, уәде беремін.