11-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі бойынша сұрақтарға жауап жазыңдар. Бас бармақ-басты мәселе. : Фантастикалық шығармалар несімен құнды? Балаң үйрек-Бірлесу: Сен жазушы болсаң, қандай фантастикалық тақырыпқа жазар едің? Ортан терек-ойлану.: Фантастикалық шығарма қандай жеке дағдыларды қалыптастырады? Шылдыр шүмек-шынайылық.: Сен оқыған фантасткалық шығармалар сенің пікіріңнің өзгеруіне ықпал етті ме? Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы: . Фантастика қандай сезім, көңіл-күй тудырады?
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мынадай жолдармен байланысады :
а) Интонация арқылы іргелесе байланысады :
Байжанның оны көруі біріншірет еді: орта бойлы, төртбақтау, толықша , сарғылы өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен.
Мұнда бірінші жай сөйлемнен кейін дауыс ырғағы көтеріңкі айтылып, кідіріс ұзаққа созылмай, екінші сөйлеммен ұласып кетеді де , екі сөйлемнің арасын байланыстырып, күрделі ойды білдіруге дәлекер болып тұрады.
ә) Жалғаулық шылаулар (септеулік ) арқылы байланысады: Құланбай күзеуден ерет қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс күземді ерте алып көшіп еді .
б) Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндаушы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласып, құрмаласа байланысады. Мысалы: Құрымбайдың оқуға кетуі шын болса, ол өз ісін ойламаған жерден істеген екен.
Құрмалас сөйлемдер байланысу тәсілдеріне қарай үш түрге бөлінеді:
1. Салалас құрмалас .
2. Сабақтас құрмалас.
3. Аралас құрмалас.