В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
pomidorka334
pomidorka334
19.05.2020 19:04 •  Қазақ тiлi

11-тапсырма. Хикаяның сюжетіне өзгеріс енгізу мүм- кіндігі болса, қай оқиғасын өзгертер едің? Не себепті?

Показать ответ
Ответ:
sebtetfGек5у
sebtetfGек5у
23.07.2020 19:49

айша бибі (хі хіі ғғ.) қараханидтер әулетінің негізін қалаушы қараханның қалыңдығы, қазіргі тараз қаласының жанындағы, сонау скифтер заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі архитектуралық әсем ескерткіштің иесі.

айша бибінің кім екені жөнінде атадан ға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. ал, аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін зеңгі бабаның қызы еді дейді.

сол аңыздың айтуынша, айша бибі түркістанда жас батыр қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде қараханның уәделі мерзімде айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. арада біраз уақыт өтіп кетеді. ақыры таусылған айша бибі қараханның мекені тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. бірнеше күн жол жүріп, таразға жетеді.

қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. күтушісі ас жабдығына кіріседі.

салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың ғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады.

денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан айша бибі дереу қараханға хабар бергізеді. қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан айшаның құлағына: « айша, сен енді бибі болдың! » деп үш рет айқайлапты.

ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді.

қайғырып, қан жұтқан қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр тараз қаласының іргесінде.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Zubactick
Zubactick
14.06.2020 08:13

поэма

Объяснение:

«Батыр Баян» (поэма) – қазақтың атақты қаламгері Мағжан Жұмабаевтың жазған поэмасы.Бұл поэмада Баян Батыр туралы айтылады. Ол Абылай ханның аламаны болған. Аламандықта Батыр Баян бір сұлу қалмақ қызды тұтқынға алды. Баян қалмақ қызына ғашық болады, бірақ қыз жақтан ондай сезім болған жоқ. Бұл қалмақ қыздың есімі Құралай болды. Құралай Батыр Ноянды сүйген, сол себептен екеуі қыздың отанына қашады. Батыр Баян бұл істі туған жерді сату деп есептегендіктен, оларды артынан қуды. Қуған кезде Баян Құралайды оқпен атып, Ноян Батырды өлтіреді. Баянның оларға жаны ашығандықтан екеуін бірге жерлейді. Содан кейін Батыр Баян Абылай ханның рұқсатын алмағандығына қарамай, қалмақтарға 100 қазақ жігіттермен аттанды. Сол соғыста Баян Батыр қайтыс болады.Батыр Баян - поэманың бас кейіпкері. Ол қазақ халқының батыры және Абылай ханның ең жақын жауынгері. Оның мінезі отаншыл және өте намысқой. Поэманың соңында соғыста қайтыс болады.

Ноян - Батыр Баянның інісі. Ол өз отанының сатқыны,өйткені Ноян қалмақ қызымен қашып кетті. Поэманың соңында ол Батыр Баянның қолынан қайтыс болады.

Құралай - қалмақ жауынгердің қызы. Батыр Баян оның ауылына шабуыл жасағанда, оны тұтқынға алып, оған бірден ғашық болады, бірақ Құралай Баянға ғашық болған жоқ. Ол - өте сұлу және әдемі қыз. Ноянмен бірге өз отанына қашқанда, Батыр Баян оларды өлтіреді.

Абылай Хан - Қазақ халқының Ұлы ханы. Қалмақтармен соғысқан. Хан Батыр Баянға соғысқа қатысуына тиым салды

Батыр Баян поэмасы бізге көп дүние үйретті, өмірдің мәнін ашты. Бұл поэма арқылы жастықтың албырттығын, сезімнің соқырлығы мен ақылға бағынбайтын асаулығын, ашу мен ақылдың, сана мен сезімнің таласын, әрі көзсіз ерлікті көреміз. Баянның ісі қызғаныш па, әлде Ноянның өз Отанынан бас тартуынан ызалануы ма, ол бізге құпия болып қалатыны бәрімізге белгілі. Бірақ оқырмандар өз нұсқаларын беріп, өз сөздерін дәлелдеуде. Менің өз ойымды айтар болсам, батыр Баянның ісі екі жақты, яғни ол өз інісін өлтірмесе, Баян негізінен жасы келіп қалған батыр болатын және де өзі де қалмақ қызына көрсетпесе де, өлердей ғашық болатын. Бірақ оның өз бауырын, былайша айтқанда, өз тұяғын өлтіргені – озбырлық, қатігездікті айқындайды. Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға өте ұқсас. Мағжан керемет ел аузынан естіген миф-аңызды өзінің ақындық шеберлігіімен тамаша поэма етіп жазады. Трагедиямен аяқталған бұл поэма Мағжан поэзиясының биік асқар тауы болып табылады. Реалистік негізде жазылған поэманы Мағжан табиғатпен, яғни сол кездегі табиғат әсемдігін, бізге әсерлі жеткізе алды. Бір қарағанда қызықты сюжеті бар бұл поэма тек тарихты баяндап тұрғандай. Әрине Мағжан ақын тек тарихты жырлап қоймай, сонымен қатар ерлікті, еркіндікті көрсете білді. Керемет символистердің бірі болған Мағжан поэма арқылы терең бір ой бермекші.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота