11 -тапсырма. «Не істеу керек?» ойыны. Сынып екі топқа бөлінсін. Екі топ бір-біріне кезектесіп, тосын сұрақтар қойып, жауап берсін. Сұрақтар сөз әдебіне, сөйлесу мәдениетіне қатысты болсын. 1. Жақын адамыңды ренжітіп қойсаң, не істеу керек? 2. Саған танысың жазықсыз айқайласа, не істеу керек? 3. Өзіңе қай мінезің ұнамайды? Не істеу керек? 4. Қазақтарға тән қандай қарым-қатынас әдебін білесің? 5. Досың уәдесінде тұрмады. Не істеу керек? 6. Сыныптасың кішкентай баланы алдап кетті. Не істеу керек? 7. Сен ашушаң болып кеттің. Не істеу керек?
Өкінішін білдіру: "Мен өкінемін". Біз әлдекімді ренжіткеніміз, өзімізге сенімсіздік туыдырғанымыз, жанына бататын әрекетке барғанымыз, көңілін қалдырғанымыз үшін өкінеміз. Ренжіген адамдардың көңілін қара бұлт басып, еңсесін көтере алмай жүреді. Ол көңілін басқан ауыр сезімді әлдекіммен бөліскісі келеді. Олар сіздің өздерін қаншалықты ренжітіп, жүрегін ауыртқаныңызды сезініп, түсінгеніңізге көз жеткізгісі келеді.
Өз ісіне жауап беруге дайын болу: "Менікі дұрыс болмады". Адамның ересектігі, толысып жетілгені өз ісіне жауап бере алуынан байқалады. Ал әлі де толыспаған а қ қиялға еріп, өз қиындықтарында өзінен өзгенің бәрін кінәлайды. Өзіне жауапкершілік алу негізінде мойындай білу қасиеті жатады. Көптеген ренжіген адамдар үшін ренжіткен адамның өз әрекетінің бұрыстығын түсінуі маңызды болып табылады.
Айыбының орнын толтыруға дайын болу: "Жағдайды түзеу үшін не істей аламын?". Өз кінәсын жуып-шаю үшін айыбының орнын толтыруды қалау - адам психикасына тән. Оның негізінде адамдағы әр нәрсенің өтеуі бар екені турасындағы түсінік жатыр. Айыбын өтеу сезімі біздегі әділідік сезімімен байланысты. Өз кезегінде аталған сезім біздің махаббатқа мұқтаждығымыздан туындайды. Егер біз әлдекімді қатты ренжітіп алсақ, оның бізді бұрынғыдай жақсы көретініне көз жеткізігіміз келіп тұрады. Бізді ренжіткен кезде көбіне жанымыз ауырып, ашуланамыз. Бұл сезімдердің астарында ренжіткен адамның бізді жақсы көргенін қалауымыз жатыр.
Шынайы өкініп, кешірім сұрау: "Алдағы күндері бұл әрекетім қайталанбас үшін бәрін жасаймын". Шынайы өкіну - жай ғана "Кешіріңіз мені! Айыбымды қалай жуып-шая аламын?" деген сөз емес. Бұл тағы да "Мен ендігәрі бұл істі қайталамаймын" деген сөз. Кей адамдар үшін тек шынайы өкініа, тәубеге келу ғана нағыз кешірім сұраудың белгісі болып табылады. Тәубе тілі өзгеруді қалайтыныңызды білдіретін сөздерден басталады. Ренжіткен адамымызға өзгергіміз келетінін хабарлау арқылы, біз оларға ішкі әлемімізде не болып жатқанын түсіндіреміз.
Кешірім сұрауға дайын болу: "Өтінемін, кешірші мені". Кешірім сұрау кей адамдарға қарым-қатынастарыңыздың жақсарғанына көз жеткізгіңіз келетінін көрсетеді. Мұндай өтініш бұрыс әрекет жасағаныңызды түсініп, ерікті не еріксіз түрде әлдекімді ренжіткеніңізді түсінгеніңізді білдіреді. Кешірім сұрау арадағы қарым-қатынасыңыздың болашағын ренжіген адамға тапсыруға дайын екеніңізді аңғартады. Ал кешіру не кешірмеу ренжіген тараптың еншісінде.