11-тапсырма. Оқылым мәтініндегі ақпараттарды өз пікіріңмен дәлелде. Бірінші сөйлем. «Менің ойымша, ...» Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны түсіндіремін». Үшінші сөйлем. «Оны мен ... деген деректермен, мысалдармен дәлелдей аламын». Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген қорытынды шешімге келдім».
Интонация(лат. іntono)[1] – сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалык бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия
Ритм
Темп
Қарқындылық
Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.