В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Vanilingus
Vanilingus
25.09.2022 14:46 •  Қазақ тiлi

11-тапсырма Төрт туліктің жасына катысты атауларды Қос жазба кунделігіне жазып шық. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұптары кітабын пайдалан.


11-тапсырма Төрт туліктің жасына катысты атауларды Қос жазба кунделігіне жазып шық. Қазақтың салт-дә

Показать ответ
Ответ:
vkarant2016l
vkarant2016l
23.11.2021 06:00

ЖЫЛҚЫ – МАЛДЫҢ ПАТШАСЫ

▪ Қамбар ата – жылқының пірі, иесі әрі киесі.

▪ Құлын, құлыншақ – жылқы төлі.

▪ Жабағы – бір жылға дейінгі төл.

▪ Тай – екі жастағы жылқы.

▪ Құнан – үш жастағы жылқы.

▪ Құнажын – үш жастағы ұрғашысы.

▪ Байтал – төрт жастағы ұрғашысы.

▪ Сойтал – төрттен асқан ұрғашысы.

▪ Дөнен – төрт жастағы еркегі.

▪ Бесті – бес жасар еркек жылқы.

▪ Айғыр – аталық жылқы.

▪ Сәурік – жас айғыр.

▪ Бие – аналық жылқы.

▪ Құлық – алғаш құлындаған бие.

▪ Қысырақ – үйірге алғаш қосылған жас мал.

▪ Мама бие – көп құлындаған жуас бие.

▪ Бедеу – құлындамайтын жылқы.

▪ Ат – ақталған (кестірілген) еркек жылқы, мініс ат. Мініс аттары жалпы жылқы тегіне қарай тұлпар, сәйгүлік, дүлдүл, наз бедеу, қазан ат, арғымақ, жабы, қасиетіне қарай аяңшыл, жорға, жүйрік т. б. деп аталады.

▪ Жылқының түр - түстері – ақ, ақбоз, күрең, торы, жирен, шабдар, шұбар, теңбіл, қызыл, қара, қарагер, құла, құлагер, бурыл, баран, қылаң, сұр, ала, кер, күлдібадам, шалбас.

▪ Тулақ – әбден жүдеген арық жылқы.

▪ Мәстек – жылқының жаман түрі.

▪ Жамандату, шеміршек, сақау, маңқа, қолқа – жылқы аурулары.

▪ Жылқы жүрісі – аяң, жортыс, бүлкіл, желіс, сау желіс, сар желіс, бөкен желіс, текірек, шоқыту, шабыс.

▪ «Құрау - құрау» - жылқыны шақыру.

ТҮЙЕ – ТҮЛІК ТӨРЕСІ

▪ Ойсылқара – түйе пірі, иесі, киесі.

▪ Бота, ботақан, көшек – түйе төлі.

▪ Бүлдіршін – екі жасар ұрғашы түйе.

▪ Тайлақ – екі - үш жасар еркегі.

▪ Бұзбаша – үш жасар ұрғашы түйе.

▪ Буырлыш – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Буыршын – төрт - бес жасар еркегі.

▪ Бура – аталық түйе.

▪ Інген – аналық түйе.

▪ Атан – ақталған (кестірілген) түйе.

▪ Түйе малы тұқымы мен қасиетіне қарай: нар, жампоз, қоспақ, арақоспақ, мырзақоспақ, кердері, қылағай, қалбағай, бекпатша, құлпатша, желмая, аруана, біртуған, маз, үлек, айыр т. б. деп бөлінеді.

▪ Көрт, көйін – түйенің жаман түрлері.

▪ Ақшелек, қатпа – түйе аурулары.

▪ «Көс - көс» - түйені шақыру.

СИЫР АТАУЛАРЫ

▪ Зеңгі баба – сиыр пірі, иесі, киесі.

▪ Бұзау – сиыр төлі.

▪ Баспақ – алты айға дейінгі төл.

▪ Арда, торпақ – бір жылдық төл.

▪ Тайынша – жастан асқан еркегі.

▪ Тана – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Қашар – екі жасар ұрғашысы.

▪ Құнажын – үш жасар ұрғашысы.

▪ Дөнежін – төрт жасар ұрғашысы.

▪ Өгіз – кестірілген мал. Бұлар жасына қарай өгізше, құнан өгіз, атан өгіз т. б. болып аталады.

▪ Бұқа – аталық.

▪ Сиыр – аналық.

▪ Сауын сиыр – сауылып жүрген сиыр.

▪ Саулы сиыр – бұзаусыз сауылатын сиыр.

▪ Бұқаша, бұқашық – жас бұқалар.

▪ Қашақ – жиі қашатын, яғни бұқаға тоқтамайтын сиыр.

▪ Аусыл, қарасан – сиыр ауруы.

▪ «Аухау - аухау» - сиыр шақыру.

ҚОЙ АТАУЛАРЫ

▪ Шопан ата – қойдың пірі, иесі, киесі.

▪ Қозы, қошақан – қойдың жас төлі.

▪ Көрпеш – есейген қозы.

▪ Көбеген – төл басы, ерте туған қозы.

▪ Көпей – кеш туған қозы.

▪ Марқа – қозының марқайған кезі.

▪ Бағлан – семіз марқа.

▪ Тоқты – жасы алты айдан асқан.

▪ Тұсақ – жастан асқан ұрғашысы.

▪ Ісек – тарттырылған (кестірілген) қой.

▪ Құнан қой – үш жастағы қой.

▪ Дөнен қой – төрт жастағы қой.

▪ Азбан – тарттырылған қошқар.

▪ Қошқар – аталық.

▪ Саулық – аналық қой.

▪ Ақауыз қой – әбден семірген бойдақ қой.

▪ Топалаң – қой ауруы.

▪ «Пұшайт - пұшайт» - қойды шақыру.

ЕШКІ АТАУЛАРЫ

▪ Шекшек ата – ешкінің пірі, иесі, киесі.

▪ Лақ – төлі.

▪ Бөрте – алты айлық төл.

▪ Шікіраз – жасқа толған еркегі.

▪ Туша – жасқа толған ұрғашысы.

▪ Шыбыш – екі жастағы ұрғашысы.

▪ Ешкі – аналық.

▪ Серкешік – жасқа толған еркегі.

▪ Теке – аталық.

▪ Кебенек – ешкі ауруы.

▪ «Шөре - шөре» - ешкіні шақыру.

▪ Ешкінің түстері: ақ, қара, көксағал, ор жағал, сары.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Begzodik
Begzodik
23.11.2021 06:00

Там крч жағалауында орналасқан он екі елі ішектің ойық бар еді сонымен қатар ол үшін алдымен

Вот так

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота