11. «Үздік жарнама» ойыны. «Астанамызды асқақтатудың жобасы» тақырыбында жарнама дайындаңдар. Онда қала
да салынатын мега-құрылыс, мега-білім ордасы, кәсіпорын
өндіріс орындары және т.б. нысандар туралы айтыңдар.
Жарнама дайындауға қойылатын талаптар:
мақсатын анықтау;
ерекше идеяға құрылуы;
оқырман көңілін аударатын қызықты детальдардың
болуы;
тақырыптың дұрыс жеткізілуі;
- мәтіннің белгілі бір стильде сауатты жазылуы;
- дұрыс безендірілуі.