В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
sapetnyymark
sapetnyymark
20.11.2022 19:47 •  Қазақ тiлi

114 бет 3 тапсырма. Мәтінді оқыңдар.Тірек сөздерді табыңдар

Показать ответ
Ответ:
VikaKemer
VikaKemer
17.05.2023 03:26

Барлық құқық түрлері сияқты баланың жеке басына қатысты заңның да ерекше тақырып ретінде қаралуы немесе оның жасөспірім құқығы мен балаға байланысты мекемелерарасы қатынастар тарихы жағынан ортаға жаңа шығып келе жатқан ұғым екені белгілі. Адамзаттың пайда болуынан бастап өткен әр ғасырда қоғамның балаға деген көзқарасы да түрлі өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан бала және оның құқығын қорғау сұрақтарын мәдениет пен құқықтың даму сатыларының ішінен зерттеу қажет.

Тарихи қалыптасу барысында балаға деген игі мен оның қорғау ауқымы және түрі де өзгеше бір көрініс табады. Бұл өзгешелік қоршаған ортаның экономикалық, мәдени және қоғамдық құбылыстармен байланысты болған. Бұл себептен қоғамның мақсатына, экономикалық дамуына және мәдени көзқарастың өзгеруіне тепе тең бала құқығы түсінігі де өзгеріп отырған. Әрбір қоғамдық ортам өзіне өзгеше бір балаларын қорғау мәжбүрлігін туғызатын түсінік қалыптастырған.

Бала құқығы белгілі бір құқықтық ұғым ретінде адамзаттың алғашқы дінді қабылдау кезеңінен басталып, балаларға қамқорлық көрсетіле басталған. Бірақ ол қазіргі кезеңдегі жасөспірімдер құқығынан өзгеше және белгілі бір діни ұғымнан аспай қалған.

Жаңа құқық жүйесінде бала құқығы негізгі екі принципке сүйенуде.

Олардың біріншісі: Жасөспірім бір а екендігі. Бұл принципке байланысты балаға адам ретінде қажетті қамқорлық пен мейірім көрсету.

Екіншісі: Бірлік принципі. Баланың бір мемлекеттің және қоғамның айрылмас бөлігі ретінде қарау. Бұл екі принципке байланысты қазіргі модерн құқықтық системасы баланы қоғамдық қажеттілік үшін қорғау түрінде дамуда. Бұл себептен бала қоғамдық қажеттілік үшін қорғауға алынады және мемлекет осы бағытта шығарылған заңнамалармен қамтамасыз етеді. Бала құқығын қоғамдық қажеттілік үшін қорғау десек те, кейбір мемлекеттерде, мәселе Германия, Австрия және Франция сияқты елдерде заңшығарушылар ұлттық заңдарының ішінде бала мен жасөспірімге байланысты бірнеше баптар болғанмен, жүйелі түрде шығарылған заңнамалар жоқ. Ал бұған қарсы Италия, Швецария және Түркие сияқты мемлекеттер өздерінің ұлттық заңдарында, соның ішінді азаматтық кодекстерінде бала мен жасөспірімнің құқығын толығымен қамтып жазған. Қазақстан Республикасы Бала құқығы жөніндегі заңында да баланың міндеттері белгіленіп, оның құқықтық кепілдігі және баланың денсаулығын қорғау, жеке басының бостандығы мен өмірі, қоғамдағы рөлі, жеке меншік пен білім алу құқығы сияқты негізгі қағидалар белгіленген.

Баланың бағылып қағылуына, дамуына, білім алуына және қоғамдық өмірге қатысу үшін жетілуі кімнің мойнындағы міндет екендігі, бізді отбасы және мемлекет атты құрылыммен бетпе бет қоюда. Бірақ, бұл арада тағы да айта кететін жайт баланың дамуына мемлекетпен отбасының қосатын үлесі бірдей, өйткені олардың мақсаты да ортақ. Сондықтан басқа құқық системаларында сияқты біздің ұлттық құқығымызда, соның ішіндегі ең бастысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-ші бабы неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында екендігін көрсеткен. Сонымен бірге жоғарыда аталған Атазаңымыздың тиісті бабында балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата ананың етене құқығы әрі мендеті ретінде белгіленген. Бұл арада тағыда қоса кететін болсақ, мемлекет ата анамен бірге балаға қамқорлық қамтамасыз ету мен шетеліп қалмай, олардың міндеттерін керегінше орындау парызын да жүктеуде, әрі қадағалауда.

Еліміздің балалар құқығын қорғау, әрі қарай дамыту үшін және мемлекеттік құқықтық саясатының біртұтастығын қалыптастыру мақсатында Елбасымыздың жанындағы адам құқығы жөніндегі Комиссия өзінің 2004 жылғы баяндамасында үкіметке ювеналдық юстиция жөнінде заң жобаларын дайындауды ұсынған. Сол ювеналдық юстицияға кіретін системалардың ішіне бала құқығымен айналысатын мемлекеттік құрылымдар мен ювеналдық соттар да көрсетілген.

 

Қазіргі таңда еліміздің Астанасы және Алматы қаласында ювеналдық сот жұмысын атқаруда. Соттардың белгілі бір салада мамандандырылуы қоғамдық қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Егер ертеде тек шаруашылықпен айналысып, даудамайлар жер талабынан а , бүгінгі күні күрделі қоғамдық және экономикалық қарым қатынастан туындап отырған істер өндіріске келіп түсуде. Сондықтан азаматтарға кәсіби қызмет көрсету үшін, соның ішінде бала құқығының қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған ювеналдық соттардың басқа да өңірлерде ашылуы дұрыс басталған құқықтық саясаттың логикалық жалғасы болар еді.

Бала құқығын қорғауда ювеналдық соттардың атқаратын рөлі орасан зор, дегенмен жалғыз өзі жеткіліксіз. Бұл себептен еліміздің жасөспірімдерге байланысы бар басқа да мемлекеттік құрылымдар мен органдар да өздеріне түсетін үлесті кәсіби атқарулары қажет. Соның ішінде ішкі істер бөліміндегі кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекциясы жұмысын құқық бұзғаннан кейін ата анасына әкімшілік хаттама толтырмай, балалардың құқық бұзуларын алдын алумен көбірек айналысулары керек, білім беру бөліміндегі балалар мүддесін қадағалайтын орган кәсіби мамандардан құрылуы қажет.

 

 

 

0,0(0 оценок)
Ответ:
Лика1508
Лика1508
18.03.2020 11:15

Басты мәзірді ашу

Іздеу

Қазақстанның Қызыл кітабы

Тіл

PDF түсіріп алу

Бақылау

Өңдеу

Адамның табиғатқа әсерінен жануарлар мен өсімдіктер қырғынға ұшырауда, соның салдарынан ағзаның көптеген түрлері жойылып кету шегіне жетті. Мәселен, 90-жылдардың ортасына дейін, 40 жыл бойы бөкен Қазақстандағы негізгі кәсіптік жануар болды. 1991-1993 жылдар аралығында 800-900 мың бөкендер бар еді. 1998 жылы - 470 мың, 2001 жылы - 80 мың, ал 2003 жылы бар болғаны 21 мың бөкен қалды. Үкімет каулыларымен бөкендердің барлық түрін аулауға тыйым салынды. Бөкен Қызыл кітапқа енгізілген жоқ, бірақ осал, тіпті қиын-қыстау қауіп төнген түр мәртебесінде тұр. Оның санын қалпына келтіруде едәуір каржы салынып, аң шаруашылығы мен өзге ұйымдардың қарқынды күш жұмсауы қоса тапсырылды. Сөйтіп бөкен саны 30 мыңға жетті. Бірақ 2015 жылы бөкен ауруға ұшырады

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота