В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
samyi116umni
samyi116umni
19.07.2021 06:13 •  Қазақ тiлi

118-беттегі 3-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықта. Жоспар құр. А) 9-10 тірек сөздерді теріп жаз
Ә)Жоспар құр.

Показать ответ
Ответ:
Yaroslav483
Yaroslav483
12.07.2020 09:15

Ел тірегі Елбасы

Объяснение:

Қыстың алғашқы күні, яғни, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Күнтізбеге қызыл белгімен енетін бұл күннің еліміз үшін орны ерекше. Бүгінде әлем мойындаған тәуелсіз еліміздің уығын қадап, шаңырағын көтеріп, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор.

КСРО күйреген шақта жеріміздің тұтастығын сақтап, ел іргесін сөкпей, татулық пен бірлікті, дос­тық пен сыйластықты ту етіп, тәуелсіздігі тұ­ғыр­­лы, жасам­паз Қазақстан мемлекетін құрды. Күрмеуі қиын шақ­тарда өзіне сенім артқан жұртын берекелі бірлік пен өркениетке бастап, Қазақ­станды дамыған әлеуетті мем­лекеттердің алдыңғы қатарына қоса білген Прези­денттің халық үшін еткен қызметі ерен. Қазіргі кез­де есімі елімен қатар аталып, алыс-жақын мемле­кеттерде мәртебесі тасыған Тұңғыш Президен­тіміздің күнін атап өту әр­бір қазақстандық үшін мерейлі мереке екені анық.

Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет са­райын­да Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты шара өтті. Онда облыс әкімі Амандық БАТАЛОВ сөз сөйлеп, залға жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады. Өз құттықтауында өңір басшысы Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баев­тың Қазақстан Республикасын құрып, оны дамы­тудағы, бүкіл әлемге танытудағы ролін ерекше толғаныспен баяндады.

– Мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындаған болашақтың бағдарламасы ретінде Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жарық көріп, онда Президент алдымызға дамыған отыз елдің қатарына ену міндетін қойды. Осы мақ­сатқа жетудің жолы ретінде алдағы жос­парымызды жуырда ғана жариялаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдауында атап айтты. Жолдауда дүние­жүзілік дағдарыстың салдары көрсетіліп, жаңа эко­но­микалық саясаттың басым­дық­тары анықталды.

«Нұрлы Жол» – халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты бағдарлама. Елбасы Жолдауында «Мәңгілік Ел» идеясын тағы да шегелеп айтты. Қазақстан – Мәңгілік Елдің Отаны. Жастар арасында осы ұлы идеяны қалыптастырып, Мәңгілік Ел ұғымын қоғамның қозғаушы күшіне айналдыруға тиіспіз, – деген облыс әкімі Президенттің сарабдал саясаты арқасында еліміз еш қиындықтан сүрінбей шыққанды­ғын, сондай-ақ, әлемдік аренадағы беделінің зор екенін де атап өтті.

«Ең алғаш Тәуелсіз Мемлекеттер Достас­тығын құруға бастамашы болған да – Елбасы. Бұдан басқа Кеден Одағы мен Шанхай ынтымақ­тастық ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың дүниеге келуіне де қазақ елінің көшбасшысы себепші болды.

2010 жылы Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің бастамасымен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тастық ұйымына төрағалық етті. Сонымен бірге, біз Ислам ынтымақтастық ұйымына үлкен абыроймен басшылық жасадық. Мұның барлығы Елбасының халықаралық арена­дағы биік беделін көрсетеді. Біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жерлестері екенімізді мақтан тұтамыз. Және бұл бізге үлкен жауапкер­шілік жүктейді», – деген Амандық Баталов маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен қайталай құттықтап, әрдайым болашағы­мыздың жарқын бола беруіне ізгі ниетін білдірді.

Мерекелік жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ардақ Сыдық, Көксу ауда­нындағы Б. Құндақбаев атындағы мектептің мұғалімі Л. Хамзина, І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетінің түлегі Д. Дигай құттықтау сөз сөйлеп, Елбасының ерен еңбегі жайында тұщымды ойларымен бөлісті.

Салтанатты жиын Сүйінбай атындағы облыс-тық филармонияның концертімен жара­сымды жал­ға­сын тапты.

0,0(0 оценок)
Ответ:
linaserdyuk13
linaserdyuk13
05.03.2022 22:15

Объяснение:

-Сəлем,досым!Қалың қалай?

-Сəлем,жақсы!Өзің қалайсың?

-Жақсы.Досым менде мынандай сауал пайда болды.Қала мен ауыл өмірінің ерекшелігі қандай?

-Хммм,досым өте өзекті сұрақты қойдың.Меніңше қала мен ауылды салыстыруға мүлдем келмейді.Себебі,ауылға жетер мекен жоқ.,,Адам ауылдан көшседе,адамнан ауыл көшпейді"Мұндағы басты ерекшелік ауыл мен қала адамдарының түрлі болуы деп ойлаймын.

-Досым,саған көп рақмет!Бұл сұрақты қою себебім ата-анам ауылдан қалаға көшпекші.Мен ауылдан кеткенді қаламаймын.Саған көп рақмет!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота