12-тапсырма. «Жусан иісі» повесі мен «Тортай мне
әңгімесін салыстырыңдар. Аян мен Тортайдың тах
болуына қандай жағдай себеп болды? Екі бала армандар
Мен
мен «Тортай мінер ақ боз ат»
ртайдың тағдырларының ауыр
армандарына жете алды
аяғыда бір жетім бала болыпты...» деген
сөздермен басталады?
Шығарманың атауы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Объяснение:
Шығарма: Ел болашағы жалынды жастар
Осы тақырыпты алған себебім, болашаққа деген үмітім зор екенімді білдіреді, қазіргі уақытта өмір сүргенімді мақтан етемін. Тәуелсіз Қазақстанның кішкентай ғана тұрғынымын, ұлтым башқұрт болғанымен қазақ тілін меңгеруге жетік, білуге бар ынтамды қосып жүрмін. Мектепте озат оқушылардың бірімін. Жан - жақты болуыма менің әжем де барын салып жүр, қазақ тілі үйірмесіндегі білгенімді жеке өмірімде де пайдаланып жүрмін, би үйірмесіне қатысып, енді ағылшын тілін де білуге үміттенемін. Өйткені, біздер үшін, біздің болашағымыз үшін мемлекетіміздің Елбасшысы үлкен еңбек етуде.
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Жастар алдынғы буын ағалардың жолын лайықты жалғастырып, өздерінің сенімді ізбасар екенін дәлелдеуде. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. Осы ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақытты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңдер», - деген сөзді мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.
Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолдарымызда, яғни болашағымыз жастардың жауапкершілігінде. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез - келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Бүгін елімізде жастар саясатына үлкен көңіл бөлуде. Жастар саясатына қатысты сан түрлі пікірлер мемлекеттік шеңберде, халықаралық дәрежеде талқыланды – оның қоғам өмірінде айтарлықтай маңызды орын алатындығын аңғартады. Стасистика агентігінің жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша мемлекетіміздегіадам санының 4, 5 миллтоннан астамы жастардың үлесінде. Бұл дегеніміз халқымыздың 30 пайызы жастар деген сөз. Ендеше, еліміздің ертеңгі болашағы жастарды бүгіннен бастап тәрбие алуы мен отан сүйгіштік қасиеттерінің дамуына ықпал жасау қажет. Ең әуелі жастар бойына рухани – адамгершілік, саяси интелектік, құқықтық тәрбие басым болған жөн. Жастар жас шыбық сияқты. Қалай исең солай иілуге әзір. Сол себепті жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге халықтың басты парызы. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры.
Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек
Ертеде, жастау кезімізде абыз ақсақалдардың әңгімесін тыңдаудың өзі бір ғанибет болатын. Біздің бойымызда жақсылықтың, кісіліктің мысқалдай да бір үлесі болса, сол аталарымыз бен ағаларымызға қарыздармыз. Осы мақаланы жазу үшін қолыма қалам алғызған менің даналығым емес, ағалығым, құрметті оқырман. Бар ойым – өздеріңізбен ой бөлісу.
Қазіргі күнде де торқалы той, топырақты өлімде ауылдың үлкендері бас қосып қалады. Өкінішке орай, әңгіме арқауы көп жағдайда күнделікті тірліктің ұсақ-түйегі маңынан ұзап кете қоймайды. Сондай кезде өзінің абыройын, сөзінің қадірін қашырмай әдемі қартая білудің өзі қастерлі қасиет пе деп қаласың.
Дана халқымыздың «Көп жасаған біле ме, көпті көрген біле ме?» деген сөзінде де үлкен мағына жатыр. Жасаған иеміздің өзі өлара шақта өмірге келтіріп, екі ғасырдың куәсі болуды нәсіп еткен екен, ендеше ішкен-жегенімізге мәз болмай, бастан кешкенді таразыға тартып, өткеннен өнеге, тарихтан тәлім беруге талаптансақ оның несі айып?
Тоқсаныншы жылдарда ел басына түскен қиындықтар көптің әлі есінде болар. Сонда біздің қиналғанымызды көрген бір қария адам: «Соншама несіне уайымдайсыңдар, аспанымыз ашық, нанымыз бар. Олай болса жағдай да жаман емес қой», – деп жұбататын.
Бір көпшілік жерде сол сөзді айтамын деп қарсылыққа кез болғаным бар. Үйге келген соң оңашада ойға шомдым. «Шындығында да біздің жағдайымыз бүгінгі күн тұрғысынан алғанда қандай, тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығында қол жеткізген нендей табыстарымыз бар?».
Әрине, қашанда шыдамдылығына шүкірлігін сүйеу етіп, төзімділігіне тәубесін тіреу еткен қара нардай халқымыз қандай да бір қиындықтарға қасқая қарсы тұра білді. Ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен тәуелсіздікке қолымыз жетіп, досымыз сүйініп, дұшпанымыз күйініп жатса, «мың өліп, мың тірілген қазақтың» кең пейілінің өтеуі болар.
Өтпелі кезеңнің сынағын «көппен көрген ұлы той» деп, көрші ағайындарда кездесіп жатқан ауыртпалықтармен салыстырып, жеңілдете салу ойымда жоқ. Олардың жағдайы мен біздің тұрмысымыздың арасындағы айырмашылықтың жер мен көктей екенін көзі қарақты көпшіліктің өзі-ақ көріп отырған болар.
Қазір қай қаланың базарына барсаң да қап арқалаған, қаптаған қырғыз бауырларды көресің, алып құрылыс алаңына айналған Қазақстандағы бар ауыр жұмыстың басы-қасынан өзбек ағайындарды кездестіресің. Кешегі Одақ кезінде өзімізбен терезесі тең болып келген осы қырғыз, өзбек, тәжік, т.б. ағайындар басқа елдердің босағасынан сығалап, нан тауып жүрсе, Еуропаның көптеген аймақтарында түріктердің, үнділер мен пәкстандықтардың жағдайы осындай. Сонда олар қайбір жетіскеннен бала-шағасын тастап, шекара асып жөңкіліп жүр деп ойлайсың, осының барлығы жұмыссыздық пен жоқшылықтың салдары.
Қазіргідей күрделі кезеңде кейбір жерлестеріміздің тұрмыс деңгейі әлі де күрт жақсарып кетпегенімен, біздің халықтың тамақ асырау үшін басқа елдерде жұмыс іздеп жүрмеуінің өзі біраз нәрсені аңғартпай ма? Әрине, бұл жерде қазақ халқының жетімі мен жесірін қаңғытпай бауырына басатын қанында бар қасиет, елде болса ерінге тиеді дейтін елжандылық пен қоғамшылдық, туған-туыс пен жекжаттың арасындағы жазылмаған заңдай болып кеткен қайырымдылық пен бауырмалдық сияқты басқа жұртта кездесе бермейтін өзіне ғана тән табиғи мінез-құлықтың да орны бөлек екенін айтып өту керек.
Соңғы жылдары күш алған әлемдік дағдарыстың салдарынан батыстағы небір алпауыт мемлекеттердің өзі белдігін тарта буып, әлеуметтік жәрдемақылар мен жалақыны қысқартуға мәжбүр болғандығын күнделікті хабарлардан естіп-біліп отырмыз. Ал бізде керісінше, жыл сайын бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы, студенттердің стипендиясы өсіп отырғаны көңілге зор сенім ұялатады. Бұл орайда «жалақы өседі» дегеннен-ақ тауарын қымбаттата бастайтын сауда тұтқаларын ұстаған пайдакүнемдердің амал-айласы жеке әңгіменің тақырыбы болмақ.
.