13.Сөйлемдегі есімдіктің түрлерін табыңыз. Бәрібір саған оны бермеймін. А)жіктеу,сілтеу б)сұрау,өздік с)болымсыздық,сұрау д)белгісіздік,сілтеу е)жалпылау,сілтеу
14.Жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктерді табыңыз
А)сен,сіз б) біреу, әркім с) мына, ана д) ешкім, дәнеңе е) түгел, тегіс
15. Есімдікті табыңыз
А)Асанды қашан көрсең, көңілді жүреді.
Б)Түркі тілдерінің түбі бір.
С)Менсінбеу- тәкаппарлықтың белгісі
Д) Ештен кеш жақсы.
Е) Бүгін айт мейрамы.
16.Бірыңғай болымсыздық есімдіктің қатарын табыңыз.
А)мен, қашан,өзім б)ешкім,біреу, міне с) ештеңе, дәнеме, ешбір
Д)кейбіреу, біраз, өздерің
Е)түгел,тегіс, жалпы
17.Сөйлемде қанша есімдік бар? Мұның бәрін саған өзім-ақ айтып беремін.
А)1 б)2 с)3 д)4 Е)5
18.Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
А)Түгел сөздің түбі бір, түп атасы- Майқы би.
Б)Өз үйім-өлең төсегім.
С)Ешкім сөзіме көнбеді.
Д) Оспан осыны көргеннен-ақ Сымағұлдың қасынан кете алмады.
Е) Көшеде ешбір дыбыс жоқ.
19.Жіктелген есімдікті табыңыз.
А)Сен кімсің? Б)Оның аты кім? С)Менің оным дұрыс болмады. Д)Мыналар қайда? Е) Сен келемісің?
20. Меңзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіретін есімдіктің түрін табыңыз.
А) жіктеу б)сілтеу с) сұрау д) болымсыздық е)белгісізді
Қант — ұнтақ қант ұнмен араластырылады, ірі қант немесе шақпақ қантты ерітеді. Қант көп қосылса қамыр ауырлайды да, нашар көтеріледі, пісіргенде көтерілмей жайылып кетеді.
Жұмыртқа — сарыуызы мен ақуызы немесе тек қана сарыуызын алады. Сарыуыз қамырды көпіртеді де, ақуыз қатайта түседі. Жұмыртқаның орнына жұмыртқа ұнтағын қосуға болады (1 ас қасық ұнтақ 1 жұмыртқаға сай келеді және 3 ас қасық су). Май (қыздырылған)—сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Ол көбейіп кетсе ашу процесі баяулайды және дайын тағам ауыр болып шығады. Ашытқы — жаңа немесе құрғақ. Жаңа ашытқыға аздап қант (1 шай қасық) қосып, үгеді және тиісті норма бойынша (осы тағам үшін) жылы сүтке немесе суға езеді. Құрғақ ашытқыға (сондай-ақ салқын жерде сақталған ашытқыға) толтырыл салқын су (бөлме температурасында) құяды да, ол ақшыл түске еніп, әбден езілгенге дейін қояды. Езілген ашытқыны тар көзді сүзгіден өткізіп, жылытылған сұйыққа құяды да, одан кейін ашытқы әзірлейді. Ашытқыны жабық ыдысқа — шыны аяққа, банкаға салып, салқын жерге қойса, ұзақ уақыт сақталады. Өте жоғары, сондай-ақ өте төмен температурада да ашытқының сапасы төмендейді. Ашытқы қамыр үшін қолайлы температура 30—35°C болып саналады. Тұзды қамыр иленетін суға салу (1 кг ұнға немесе жарты литр суға 10 г тұз, ал тұзды тағам әзірлегенде 20 г тұз салады) керек. Тұзды ұйтқыға салуға болмайды, өйткені оның ашытқылық қасиетін жояды. Дәмдеуіш пен тұздық — ваниль, ванилин, лимоннемесе апельсин қабығының үгіндісі,мускат жаңғағы, кардамон, жүзім, цукат, әртүрлі жеміс эссенциясы. Қамырға картоп қосуға болады (қамыр жұмсара түседі), мұндайда әдетте қамырға май мен жұмыртқа аздау салынады. Картопты қамыр әзірленбестен бір күн бұрын пісіріп алады да, пайдаланар алдында тар көзді үккішпен үгеді. Картоп қосылған қамыр қоюырақ болады, өйткені ашу процесінде ол қоймалжыңдана түседі. Әдетте 1 кг ұнға 100 грамнан 250 грамға дейін картоп қосады. Қамыр әзірлеуге қосатын қоспаларды дәл өлшеген (рецептіде көрсетілгендей) жөн, ұнның, сұйықтық, ашытқының және дәмдеуіштердің ара қатынасын қатаң сақтау қажет. Қамыр илегенде салқындатылған азықтарды пайдаланбаған жөн, өйткені ол қамырдың бабына келу процесін төмендетеді.
Біздің қазақ хандары мен батырлары қасық қаны қалғанша,бар күшін салып кіндік қаны тамған байрақ жерін қорғаған. Біздің еліміз көптеген қиындықтардан өткен. Олардың бірі бізге өте ауыртпалы зардаптар әкелген ашаршылық жылдары(1930-1933). 1930 -1933 жылдардағы аштық құрбандарының 2 млн. 200 мың адамнан асып түсетінін аңғарамыз. Ал 1946-1980 тоқырау жылдарында қазақ халқының қамын ойлап, тағдыр үшін, адалдық үшін күрескен,ақын-жазушыларымыз бен зиялы қауым Кеңес одағының тоталитарлық режиміне қарсы шыққаны үшін репрессияға, қуғын-сүргінге ұшырады.
Мен біздің ата-бабамызға ризашылығымды білдіргім келеді. Ата-бабаларымыздың арқасында біздің еліміз тәуелсіздігін алып, көк туымызды көк аспанда желбіретіп,басқа елдерді мойындаттырдық. 1991 жылы 1 қаңтарда тұңғыш елбасымыз болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Басты жаңалықтарының бірі – 1993 жылы алғаш рет Қазақстан Республикасының конституциясы қабылданды. Содан бері еліміздің экономикасы, әлеуметтік жағдайы реттелді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жолдауында мақсаттар қойып, сол мақсаттарға халықпен бірге жетуде. Меніңше, ең негізгі мақсаттарның бірі – Азия Барысы атағына ие болып, дамыған 50 елдің қатарына қосылу.
1991 жылдан бастап президенттің бастауымен көптеген оқу орындары, спорт кешендері, медициналық орталықтар салынып, халыққа көмек көрсетуде. Оның бәрі не үшін?! Білім беру мен медициналық қызмет көрсетулер жастарға тегін. Бұның бәрі елбасымыздың жастарды, болашақты ойлайтынының айқын көрінісі. Біз жасөспірімдер, өз еліміздің басты генераторымыз. Біз ертең көзді ашып-жұмғанша, елімізді бетке ұстар азаматтары болып шыға келеміз.Әр индивидум өз болашағын өз көзімен елестейді. Елдің болашағы біздің қолымызда – жастарда. Біз өз болашағымызды өз қолымызбен жасаймыз!