14-тапсырма. Абайдың қарасөзіндегі не-
гізгі идеяны білдіріп тұрған сөйлемді тап. Осы сөздің сабақ тақырыбымен
байланысын аш. Ол үшін сабақта өтілген оқу материалдары бойынша
ойға тоқығаныңды кірістіріп, өз пікіріңді түйіндеп жаз. Өзің жазған
мәтіндегі дерексіз зат есімдердің астын сыз. Олардың мағынасын айт.
Ана- өмірге ұрпақ әкелуші, отбасының лаулап жанған оты, баланың тәрбиешісі, ақылшысы, қамқоршысы.Мен өз анамды сыйлаймын, жақсы көремін. Ол қайратты, жігерлі жан. Жүрегі кең, қолы жомарт адам. Менің анам қандай жағдай болмасын «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп, әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жан.
Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана- ұлы адам, Ана- құдіретті жан.
Мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз де бас иеміз.
«Әйел, бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді»- деген халқымыз. Қандай нақтылы айтқан ой десеңші. Шындығында аналарсыз, мына әлемді елестету мүмкін емес.
Біздің бойымызға ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады. Ана-үйдіңберекесі, қызбаланыңөнегесі, шаруаныңнесібесі.