Осындай киелі орындардың бірі – Ұлытау. Мемлекет басшысы Ұлытауда туристік орталық қалыптастырып, халқымыз тәу ететін, шетелдік туристер тамсана тамашалайтын орынға айналдыруды күн тәртібіне қойып отыр.
Ұлытау өңірінің жер аумағы бүкіл Қарағанды облысының 30 пайызға жуығын алып жатыр. Археологиялық зерттеулер мұнда алғашқы адамдар қауымдастығының мекендерін, тастан жасалған қару-жарақтары мен құралсаймандарын тапты. Біздің заманы мызға дейінгі IV-III мыңжылдықтарда Жезқазған алқабы әлемдік өркениет орталықтарының бірі болғанын білеміз.
Абыз – ертеде елдің тәу ету жоралғыларына басшылық жасайтын əрі жаугершілік жағдайында жорыққа шығарда бата беретін, болжам жасап, жорамал айтатын жəне ежелден қалыптасқан əлеуметтік тəртіптің ертедегі нормалары мен принциптерін жетік меңгерген беделді тұлға.
Абыздың ел басқару жүйесіндегі жəне тіршілік қамына байланысты алуан түрлі салттар мен ғұрыптарды, наным-сенімдер, жосындарды атқарудағы айрықша рөлі оның қоғамдағы аса беделді əлеуметтік тұлға болуына ықпал етті. Абыз əскери жорықтарда ұрыс барысына əсер ету, оған күш дарыту жəне қарсы жақтың күшін əлсіретуге бағытталған арнайы магиялық шараларды атқарған. Aбыздардың негізгі қызметі – хан, қолбасшы төңірегінде болып сəуегейлік, болжаушылық жасау.
Деректерге қарағанда, абыздар жеке-дара əлеуметтік діни категория ретінде ерте орта ғасырда қалыптасқан. Алайда қазақ қоғамында абыздар атқаратын міндеттерді көп ретте бақсы, жырау, жауырыншы, жадышы да атқара берген. Фольклоршы Е. Тұрсынов байырғы əскери болжаушы-абыз қызметін кейіннен жырау типі алмастырған дейді. Қазақта абыздардың қызметі аса күрделі сипатта болғаны тарихтан белгілі.