17. Қай ақын Қазақстан облысындағы Сайқұдық деген жерде туған? A) Қ. Бұғыбаева
Ә) М.Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев
В) Ж. Молдағалиев
Г) Т.Молдағалиев
18. «Менің Республикам» кімнің өлеңі?
A) Ж.Молдағалиев
Ә) Қ.Баянбаев
Б) С.Мәуленов
В) Қ.Бұғыбаева
Г) Т.Молдағалиев
19. Қуандық Шаңғытбаевтің туған жылын көрсетіңіз?
A) 1925-2001 ж.ж.
Ә) 1935-2001 ж.ж.
Б) 1925-2003 ж.ж.
В) 1920-1999 ж.ж.
Г) 1922-1993 ж.ж.
20. Ұлы Отан соғысына кеткен әкесін сағынып, өлеңдер жазған он жасар бала кім еді?
А) М.Мақатаев
Ә) Ғ.Мүсірепов
Б) Қадыр Мырза Әли
В) Ә.Нұрпейісов
Е) О.Сүлейменов
21. Мұқағалидің өлеңін табыңыз.
A) «Портреттер»
Ә) «Мен-қазақпын»
Б) Менің Республикам»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Фантазия»
22. Қай ақын Алматы облысы, Райымбек ауданыда дүниеге келді?
A) Қ.Бұғыбаева
Ә) М.Мақатаев
Б) Қ.Баянбаев
В) Т. Айбергенов
Г) Т.Молдағалиев
23. Қ.Аманжоловтың шығармасын табыңыз.
A) «Жолама қулар маңайға»
Ә) «Ұшқан құс»
Б) «Сыр сандық»
В) «Көзімнің қарасы»
Г) «Дауыл»
24. Қуандық Шаңғытбаевтің өлеңін көрсет.
A) «Ар-ұят туралы»
Ә) «Менің Республикам»
Б) «Жазғы кеш»
В) «Барлығы да сендердікі»
Г) «Сабалақ»
25. М.Мақатаевтің балалық шағы қай кезде өтті?
A) Тың игеру кезінде
Ә) Ұлы Отан соғысы кезінде
Б) Жоңғар шапқыншылығы кезінде
В) Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде
Г) Қазан көтерілісі кезінде
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
Ал енді ананың бесікте жатқанда айтқан әлдиі, әженің тымылжыта төккен тамаша ертегілері, туғандарыңның мейірбанды күлкілері, жеңгелердің тәтті әзілдері осының барлығы туған еліңнің керемет сипаттары. Туған елдің тілі барша жанға түсінікті. Туған ел, туған жер ол дүниенің тәтті ғана бір ортасы деп есептеймін.
Достар егер біз «Туған жер» деген ұғымды түсінетін болсақ, туған жерімізге аянбай еңбек сіңіруіміз керек.
Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,
Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.
Сағынғанда тым ыстық көрінеді,
Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.