Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды. Шидем мен тон қабаттап киген малшы Бет қарауға шыдамай теріс айналды. Қар тепкенге қажымыс қайран жылқы Титығы құруына аз-ақ қалды. Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр, Малшыларым, қор қылма итке малды. Соныға малды жайып, күзетіңдер, Ұйқы өлтірмес, қайрат қыл, бұз қамалды! Ит жегенше Қондыбай, Қанай жесін, Құр жібер мына антұрған кәрі шалды.
Джеймс Юджин Керри 1962 жылы 17 қаңтарда , Канададағы Ньюмаркет қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Кэтлин Керри (қыз кезінде Орам),әнші, ал одан кейін үй ісімен шұғылданған,Ал әкесі Перси Керри,саксофонист-өзі үйренген және есепші. Джимнің үлкен әпкелері Пэт пен Рита,және ағасы Джон болған. Оның MTV Movie Awardтен 22номинация және 10жеңісі бар.Мысалы:Үздік комедиялық роль(ақымақ және ақымағырақ),Үздік комедиялық роль(Эйс Вентура:Табиғат шақырғанда),Үздік комедиялық роль(Алдамшы,алдамшы)Үздік ерлер рөлі(Труман шоуы),Үздік қатігез(Гринч-Рждество урысы)және басқалары.