18. «Экологтардың айтуынша, мұздықтардың бұлайша еруі... ». Мәтін бойынша үзіндінің жалғасын анықтаңыз: А) көлдердің арнасынан асып тасуына әкеліп соқты. B) мұзды көлдердің пайда болуына әкеледі. С) көптеп еріп кеткенін білдіреді. D) Тибетте осындай 15 оқиға тіркелген. E) сел қауіпі басым. 19. Дара сан есімді белгілеңіз: А) 10 В) 92 C) 13 D) 71 E) 15 20. 30-90 жылдары аралығында Тибетте 15 рет қандай жағдай орын алған? А) мұз ерімеген B) көлдер пайда болған С) жер сілкінісі болған D) сел болған E) мұздықтар еріген
Бас аманда мал тәтті, Бас ауырса жан тәтті.Пока здоров – добро дорого, заболеешь – жизнь дорога.Сырқат тән жарасы, қайғы жан жарасы.Болезнь — телесная рана, печаль — душевная рана.Денсаулық – зор байлық.Здоровье – клад бесценный.Жарлының байлығы – дененің саулығы.Богатство неимущего– его здоровье.Жұғың бар жерде – шыбын бар, Шыбын бар жерде – шығын бар.Где мусор – там и мухи, где мухи – там болезни.Тәні саудың жаны сау.Здоровый телом и духом здоров.Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі.Чистота – основа здоровья, Здоровье – основа богатство.Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.Удачливого больного любое средство лечит.
Лексикалық талдау
Талдау реті:
Сөйлемді оқы, ондағы өзің қалаған сөздің қандай мағынаны білдіріп тұрғанын анықта.
Сол сөздің сөйлемде кандай мағынада жұмсалып тұрғанын анықта (тура ма, әлде ауыспалы ма)
Мүмкіндігіне қарай, сөздің синонимін, антонимін, омонимін тап
Сөздің қазақ тілі сөздік құрамының қай тармағына жататынын дәлелде.
Талдау үлгісі:
Аманның жылы сөздері ерекше әсер етті.
жылы — жағымды, мейірімге толы деген мағынада, ауыспалы мағынада.
жылы, шуақты, ыстық, мейірлі — синоним; жылы — суық — антоним:
жылы — жалпылама қолданылатын сөз.
Сөз мағыналарының шартты белгілері:
омоним O ←→ O
синоним O ≈ O
антоним O →← O