18. Өлеңді түсініп оқы. Сұраққа жауап бер. көжек
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
Сұлтан Қалиев
• Көжек, өжет сөздерінің мағынасын сөздіктерден тауып
оқы.
Ыңғайлас: Далада жел соғады және сіркіреп жаңбыр жауады.
қарсылықты: Далада жел соғып тұр, дегенмен сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
түсіндірмелі:Далада жел соғып тұрғаны сонша, сіркіреп жаңбыр жауып тұр.
В.Ән басылып қалды. Гитара сазы толқалған жоқ еді.
Ыңғайлас: Ән басылып қалса да, гитара сазы толқалған жоқ еді.
қарсылықты: Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы тоқтаған жоқ.
түсіндірмелі: Ән басылып қалғаны онша, гитара сазы толқаған жоқ.
С.Сабақ бізге ұнағаны соншалық.Уақыт өткенін білмей қалыппыз.
Ыңғайлас: Сабақ бізге ұнады, әрі уақыт өткенін білмей қалдық.
қарсылықты: Сабақ бізге ұнады, бірақ уақыт өткенін білмей қалдық.
түсіндірмелі: Сабақ ұнағаны сонша, уақыт өткенін білмей қалыппыз.