В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ALENAFOKS
ALENAFOKS
14.05.2023 01:18 •  Қазақ тiлi

19. «Сот реформасы туралы жазбалар», «Жоңғария очерктері» еңбектерінің авторын көрсетіңіз. 20. А.Байтұрсынұлының ынтымаққа, бірлікке шақыратын мысал өлеңін көрсетіңіз.
21. «Пусть исполняется пожелания!» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
22. «Культура, легенда» сөзінің аудармасын көрсетіңіз
23. Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз
24. «Сәлеметсіз бе! Қайырлы таң!» тіркестерінің орыс тіліндегі аудармасын табыңыз
25. «Сізбен танысуға бола ма? Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын!» тіркестерінің қазақ тіліндегі аудармасын табыңыз
26. Тәуелденген сын есімді табыңыз
27. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз
28. «Бала» сөзіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз
29. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз
30. Жекіру одағайын табыңыз
31. Синоним сөздерді табыңыз
32. Буынға бөлінбейтін сөзді белгілеңіз
33. Сұрау есімдіктерін көрсетіңіз
34. Сөйлем мүшелерінің санын анықтаңыз
35. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторын анықтаңыз

Показать ответ
Ответ:
Annkot22
Annkot22
17.09.2021 05:51
Ақылды құмырсқалар
Сүлеймен пайғамбардың құмырсқамен сөйлескені туралы хикаяны естігенде ақжүрек адамдар: «Несі бар Алла сөйлетем десе құмырсқаны да сөйлете береді» деп күмәнсіз құлшылығын жасап жүре береді. «Құмырсқа сөйлеуші ме еді?» деп әрі-сәрі күйге түсіп, күмәннің кесірінен кеудесі тарылатын пенделер – дінге жеңіл қарайтын немесе дүние ғылы-мына есі кете ғашық болған жаңа қазақтар.
Ақыл деген – денеге егілулі дән, 
Суғарылса, кіреді оған да жан. 
Ақылдың өсіп-өніп, зораймағы 
Көрген-білген нәрседен ғибрат алған.

Ғалымдар құмырсқалардың ұйымдасып жұмыс жасау құпиясын түсіне алмай діңкелейді. Өте күрделі жұмыс атқаратын жәндіктер бойына туа біткен инстинкті реакциямен тіршілік кешеді дегенге бұл күні біз түгілі олардың өздері де сенгісі келмейді. Ғалымдар олардың жұмылып жұмыс жасау барысында аса қажетті ақпаратты қайдан алып, қалай оны бір-біріне тілсіз таратып отыратынын таба алмайды. Ашылмай тұрған ең үлкен құпия – ғылыммен жасалатын жұмыстарды іске асырғанда ақыл-ой, интеллектіні қайдан алады? Ақпарат қоймасы құмырсқаның қай жерінде сақталады? Cебебі оның жүйке талшықтары тым жіңішке һәм өте нәзік.
Құмырсқалар қауымы жалпыға бірдей қатаң тәртіпке түгелдей бағынышты. Қауымдағы әр бір мүшенің өзіне тиесілі міндеті бар. Аса жауапты міндеттермен ұйымдасқан жәндіктер кез-келген көңіл-күйді сезініп, жұмыс барысында аянбай еңбек етуден ешқашан қашпайды. Жай ғана жыбырлап жүріп, не болса соны кеміріп жеп, басы ауған жаққа қаңғып жүре беретін көп жәндіктің бірі болса құмырсқа тіршілігіне ешкім де қызықпас еді. Гәп сонда – бұл жәндік алдына мақсат қойып, жоспармен жұмыс жасағанда алдына жан салмайды. Мысалы, құмырсқаның адам секілді қолға үйретілген «жуас үй жануарлары» болады. Оларды «құмырсқа сиыры» деп атайды. Орыстар «тлей» дейді. Асыранды «мини сиырлардың» денесінен тәп-тәтті шырын бөлінеді. Сол шырынды құмырсқалар негізгі ас-сусын ретінде ішіп, рақаттанып, мас болып жүреді. Сиырларды асырау үшін адам секілді олар да бақташы жасақтайды. Олар сиырды уақытымен тойдырып, сауып, бөпелерін тап-таза ас-ауқатпен асырайды. Сиырлардың емін-еркін жайылуына, өсіп-өнуіне кепілдік беретін құмырсқалар ішінен күзетшілер, қорғаушылар тобы іріктеледі. Жайылып жүрген тлейлерге тентек жәндік тиісетін болса, қарауыл құмырсқалар қырғын төбелесті бастап кеп жіберуге әмәнда дайын. Бақташылар міндеті тлейлерге құнарлы «жайылым жер» тауып беріп, жаз жайлауға, қыс қыстауға көшіп-қонуын қамтамасыз етеді. Шаңқай түс болып, күн ысығанда оларға шөп-шаламнан қалқа құрастырып, көлеңке жасайды. Қар түсіп, күн суытса, ұрғашы сиырларды жып-жылы, құп-құрғақ мекен-жайға жайғастырады. Құмырсқалардың дені сау болып, ұрпағы жақсы дамуы үшін сиырдың баппен күтілімі ауадай қажет. «Сиыры» семіз болса, құмырсқа да күйлі. Сондықтан өз бетінше өсіп-өнетін «сиырға» қарағанда құмырсқалардың қарауында өскен тлей өте тез, әрі аман-сау көбейеді. Сондықтан тлей құмырсқадан қожайын тапса, бала-шағасына дейін шаттанысып, қуанады.
Амазонкадағы құмырсқалар жемтік іздеп, «аңға» шыққанда алғашқы қауымдағы жабайы адам-дардың дәу мамонтты жарға жығып, жабылып жәукемдегенін еске салады. Бұл жәндіктер дене тұрқы өздерінен екі-үш есе үлкен жәндікті қулыққа құрылған айла-тәсілімен оп-оңай қолға түсіреді. Үлкен-үлкен өсімдік жапырағының талшықтарын қиып алып, олардан іші қуыс кішкене үйшік жасайды. Үйшікті құрастырып болған соң ішіне көп жауынгер жасырынып жатып алады. Бірнеше ұсақ құмырсқа басын ғана қылтитып, жемтігін шақырады. Әлгі жердегі өсімдіктің шырынына жиналған ара, шегіртке немесе қоңыз ол үйшікті өсімдіктің жапырағы немесе сабағы деп ойлайды. Олжасын күтіп отырған құмырсқалар ұйымдасқан түрде қорегіне күтпеген жерден тарпа бас салады. Мұндай шапшаң шабуыл күтпеген қоңыз, шегіртке, дәуіт не болғанын түсінбей, тапырақтап қалады. Сол сәтті күтіп жатқан жауынгерлер жан-жақтан лап береді. Біреуі тобықтан, біреуі бақайдан, енді біреуі кеудеден келіп қайшы тісті шақырлатып салғанда, дөңкиіп тұрған қоңыз, шегірткең шатқалақтап қалады. Көзі қарауытып, есеңгіреп қалған бейшара жәндік денесін ұйытып, дызылдатып бара жатқан құмырсқа уына шыдай алмай, ақыры «гүрс» етіп құлайды. Көзді ашып-жұмғанша жүздеген «мини жыртқыш» дөңкиіп жатқан «бақытсыз» жәндікті жіліктеп, турап, осып, қидалап, боршалап, әп-сәтте түгін қалдырмай тасып әкетеді. Жоғарыда баяндалған жәндікке арналған әдіс сізге бір кездері Троя шаһарының түбіне жететін Пасейдонға арналған үлкен ағаш ат секілді елестеуі мүмкін. Бірақ құмырсқаның адамнан ақыл сұрамайтыны анық. Олай болса құмырсқаға бұл тәсілді үйреткен бір Құдіреттің барына таңғалмасқа шараң жоқ.Тағы бір таңғаларлық жайт, амазон-калық құмырсқалардың басқа бір түрі.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Ka4erga3000
Ka4erga3000
28.10.2022 06:20

Менің сүйікті үй жануарым.

Менің ойымша, үй жануарын асырау үлкен жауапкершілік пен дайындықты талап етеді. Себебі, жануар деген де тіршілік иесі, ойыншық емес, оған да көңіл бөліп, серуендету керек, тазалығын сақтап, ауырса емдеу керек дегендей. Мен бұл жауапкершілікті толықтай түсініп, дайын боғандықтан ата - анам менің туған күніме көптен күткен арманым, жеті қазынаның бірі саналатын - ит сыйлады. Сыйлығымды көргенде менің қуанышымда шек болмады, себебі жай ит емес, нағыз қазақтың тазысы. Өзіміз жер үйде тұратындықтан, күшігіме де қолайлы болды.

Күшігіме ат қоймас бұрын, көп ойландым, атына заты сай болсын деп. Сонымен біраз уақыт бақылап жүріп, ақырында Саққұлақ деп қоюды шештім, себебі өзі әлі кішкентай күшік болғанымен, елеңдеп, сақ жүреді екен. Екеуміз бірер күннің ішінде – ақ бір – бірімізге бауыр басып, әбден үйренісіп қалдық. Қайда барсам да, мейлі аулада шаруа істеп жүрсем де, кішкене күшігім құйрығын бұлаңдатып соңымнан қалмайды.  Күшігім шамалы өскен соң, оны жттықтырып нағыз тазы қылып өсіремін. Ит адамның досы демекші, менің ең жақын серігім болды. Сабақтан келген соң, ата - анама үй шаруасына көмектсіп болған соң міндетті түрде бос уақытымды Саққұлақпен өткізіп, ойнауға асығып тұрамын.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота