19-тапсырма. «Жау тылындағы бала» повесінің көркемдік құндылығы туралы эссе жазыңдар. Эсседе адамдар арасындағы адамгершілік
пен Отан алдындағы борыш мәселесін талдаңдар. Отан үшін, жер үшін жасалған
ерлік істердің ұмытылмайтыны туралы өз ойларыңды білдіріңдер.
ответ:осылаййй
Объяснение:
Жау тылындағы бала
Ұлы Ардагер, Тәуелсіз Қазақстанымыздың ең алғашқы Халық Қаһарманы- Ұлттық батыры, партизан Қасым Қайсенов атамыздың "Жау тылындағы бала" повесі 1961 жылы жазылған болатын. Бұл - ерлікке,адамгершілікке толы шығарма деп білемін. Бұл повесте сұрапыл Ұлы Отан соғысы кезінде Украина жерінде он жасар қазақ баласының партизандар қатарында болған қилы өмір соқпағы суреттеледі. Осы шығарманы оқи отырып өзім соғыста болғандай сезімде болдым. Шығарманың бас кейіпкері - Серік ата-анасынан жетім қалады. Осы бір жері көңіліме қатты батып, көзіме жас ұялатып, жүрегім мұңды күй кешті. Бірақ адамгершілігі мол Анна Ивановна оны өз алақанына алып, ұлы Бориспен біргі өсіреді. Боря өте ақылды,қайсар,адамгершілігі мол, ол Серікпен жақсы дос еді, екеуі жақсыны да, жаманды да бірге көріп өскен балалар. Серік кішкентай болғанымен, шаруаға мығым, ересек адамдардың шаруасына бірден кірісе кететін бала. Жанкештілікпен Отан үшін алысқан партизандар сәулетті қала мен күл болған селоны, немістер тірідей көмген әке-шеше,іні-қарындасты көрді.Бостандық үшін, болашақ бақыт үшін аянбай алысты. Жандармдардан ерлікпен қорғанған ауыл тұрғындарына Қызыл Армия көмекке келеді. Повесть соңында Майор Жомарт Мергенбаев ұлы Серікпен аман-есен кездеседі.