1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді. Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді. Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне,Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ соңғы жылдары халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.
Задание:Мектепте «тұңғыш президент күні» мерекесі жоғары деңгейде тойланды. өткізілген іс- шаралар туралы мәлімет жазыңыз.
Көкпар ойыны байырғы дәстүр бойынша ойыншылардың барынша әділ ойнауы жөнінде уәде берулерінен басталады. Мұндай уәде беруге келіспегендер ойынға жіберілмейді.
Уәдеге атүсті қарағандар төрешіден ескерту алып, тіпті болмағанда, ойыннан шығады. Әр топ он жігіттен тұрады. Бірақ ойын алаңына әр топтан атқа мінген 4 жігіттен ғана шығады. Ойында ойыншыларды алмастырудың да өз ережесі бар. тек ойыншыларды ғана емес, олар мінген атты да алмастыруға болады. Ойын әрқайсысы 20 минутқа созылатын екі кезеңнен тұрады. Ойын ұзындығы 200 метр, ені 80 метрді құрайтын алаңда өтеді. Алаңның екі шетінде екі бірдей қазан орнатылады. Олардың әдеттегі көлемінің диаметрі 3,6 метр, биіктігі 1,5 метр болады. Ойыншылардың мақсаты жерден ешкі денесін алып, оны қарсылас тарап жаққа алып өтіп, олардың қазанына тастау керек.
Ойыншылардың әрекетін 3 адамнан құралатын ат үстіндегі төрешілер тобы қадағалайды. Ойынға қатысушы жігіттер ойын барынша ойын тәртібін сақтауға тырысады. Заманауи көкпар ойынында оларға өрескел әрекеттерге баруға тыйым салынған. Мысалы, ойыншы жерден ешкі денесін көтеріп алып жатқан уақытта оған шабуыл жасауға болмайды.
Сонымен қатар ойыншыны қамшымен ұруға қатаң тыйым салынған. Ойыншыларға көрермендер жаққа баруға болмайды. Ал көрермендер жердегі ешкі денесін ойыншыларға алып бере алмайды. Аталғандарға қоса, ешкі денесін алып бара жатқан ойыншыны аттан лақтыруға, ешкі денесін ойыншының арқа тұсынан жұлып алуға тыйым салынған. Хоккей ойынындағы сияқты, ойын ережесін бұзған ойыншы 2 минутқа ойыннан шеттетіледі. Топтағы ойыншыдан айырылу ойын есебіне әсер етпей қоймайды.
Қозы Көрпеш — Баян Сұлу — XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.
Поэма Сыбанбай, Бекбау, Жанақ, Шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - Жанақтың нұсқасы. Алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: Г.Саблуков (1830), Ғ.Дербісалин (1834), А.Фролов (1841), Шоқан Уәлиханов (1856). Жырдың мазмұнын М.Путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін В.Радлов "Түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).