В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
zulyarakhimovaa
zulyarakhimovaa
26.10.2022 15:06 •  Қазақ тiлi

2 1. Сұрақтарға жауап беріп, ойларыңды ортаға салыңдар. 1. Ел қауіпсіздігінің құны қаншалықты қымбат?
2. Досыңның басына қиындық туғанда, сенің әрекетін қандай
болмақ? Ойларыңды ортаға салыңдар.
3. Көршіңнің үйінде басталған өрт сенің үйіңе жетпеу үшін қан-
дай әрекет жасар едің?​

Показать ответ
Ответ:
Feruzzz
Feruzzz
14.07.2022 00:49

Өзімде «Ойбай, көшпенділік дегенді біреу кемсіту үшін айтты» деген паранойям жоқ.

Бұндай паранойясы бар адамдар, көбіне «Ойбай, қазақтар көк көзді, еуропа пішіндес болған, бізді моңғолдар құртқан» дейтіндерден шығады. Құртса, онда сенде моңғолдың қаны басым ғой, демек сен еуропалыққа қатысың шамалы ғой!" -десең кәдімгідей намыстанады.

«Шыңғысхан біздің асқан мәдениетті құртты» деп өзін сұмдық мәдениетті санағысы келетіндерге Шыңғысанмен туыстық қатынасы бар екенін медициналық жолмен дәлелдесе, ол "Өй, енесті мен Чингизидпін, қайта сендерге мәдениет әкелген біздер!" деп әуені өзгеруі мүмкін.

Күлкілі нәрсе ғой, ә? Жарайды, бұған алаң болмайын.

Кітапты біраз ысырып қойып, Қазақстанды аралап шығайықшы. Поездбен ғана емес, тас жол салынбаған бұрыш бұрыштарын. Түкпір түкпірін.

Әлі де киіз үйін арқалап көшіп жүргендерді көріп қалуыңыз мүмкін. Қазір олар бір-бір үйлеп көшіп жүрсе, бұрында бүкіл ауыл болып көшеді екен.

Өлләхи білә тап шыным, менің атам айтып отыратын, көштерін, киіз үйлерін суреттеп, кейін жерден кепе қазып алып терезенің орнына қойдың қарнын тартып қойып, тұра беретінін. Ол кезде ешкімнен рұқсат сұрамайсың, малдың шөбі бітсе, шөбі көптеу, жақындау жерге барып, қазып ала саламыз тамымызды" деп. Кейін 45-55- жылдары атам ауылдық жерде қыштан үй соғатын. Бүкіл балаларын жинап үй соғады. Үш үй соқса, әжептәуір пұл алады. Сол пұлға үй сатып алды. Оған дейін кәдімгі көшпенділік өмір болған. Басқаны қайдам, менің ата-бабам көшпенді болды. Өзбектер секілді жүзім егіп, Түркістан базарында шыт сатып күнелткен жоқ, мал соңында болды. Онда да біреудің малын бақты.

Иә, былайша айтқанда мен елдің айтуынша, көпті көрген ақсақалдардың айтуынша қаратабан, жарлы дәруіштердің ұрпағымын.

Бірақ қазіргі арақ ішіп, бұтына тышып, қалдық жеген дәруіш емес. Еңбекқор, небір қиын табиғи жағдайларда қара жұмыс жасап шыныққан шалдың тұяғымын.

ОЛ біз сияқты талтайып, маған үкімет/ата-анам пәтер қашан береді деп жатқан жоқ. Белді сыбанып алып, қыштан кесек басып, оны сатады. 5 жасар, 8 жасар, және 12 жасар бүлдіршін балаларын да жұмысқа салады. Небір бейнетті көрген кісі. Бәлкім содан болар 92-жыл жасап, 1987-жылы қайтыс болды.

Арал жақтан разьездерге, 81, Тербенбес, Бөгөн, Сексеуіл.

Сексеулдеген станцияға келіп тұра бастағанда, олар қалаға келгендей әсерде болған. Ал Сексеуіл ол кезде кішкентай ғана станса маңындағы ауылдың ауылы ғой қазіргімен салыстырғанда.

Айтпағым, еліміздің шұрайлы жерлерінде отырықшылық нышандары болғанымен, Еуропадағыдай емес. Барлығы салыстырмалы ғой. Еуропаға қарағанда біз көшпендіміз. Сығандарды да кемсіту арқылы, өзімізді олардан жоғары санап, мерейімізді асқақтатудың жөні жоқ дер едім.

Сығандар тексіз, тайпасыз емес, олардың да тегі, тайпасы, мәдениеті мен өр рухы бар халық. Әр ұлт, әр этностың өзінің қызықты ерекшелігі болады. Сығандарды басқа ұлттардан, француз, герман халықтарынан мәдениеті жағынан кем санамаймын. Сығандар өте қызық халық. Егер олар жәй ғана қаңғыбас тобыр болса, романтик Шәмші ағамыз солардың көшіне ілесіп кетпес пе еді?

Бәлкім қанындағы көшпенділік оянып кетсе керек ағамызда? Кім білсін.

Иә, басқаны қайдам. Қазіргі намысқой тарихшылар кітаптарды өзгерте берсін. Бірақ менің ата-бабам де факто көшпенді болған… Мен нағыз номадпын. Және сол үшін мен намыстанбаймын да, оны асыра мақтан тұтпаймын да. Бұл жай ғана біздің өткен шағымыз.

Неден бастау алғаның емес, қайда бара жатқаның маңызды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Васютка3333
Васютка3333
14.07.2022 00:49

Өсуіне қарай:

Құлын - биенің жас төлі.

Жабағы - 6 айдан асқан құлын

Тай - жылқының бір жастағысы.

Құнан - жылқының екі жастағысы.

Дөнен - жылқының 3 жастағысы.

Сәурік-(3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны)

Бесті - жылқының бес жастағысы.

Саяқтар (бойдақ жылқылар):

Ат - піштірілген еркек жылқы.

Сақа ат - он бір -он екіге келген ат.

Арда емген - құнанына дейін енесін емген, ақ жілік болғаны.

Төл тай - өз енесі мен ежені бірдей еметін бір жасар жылқы.

Қысыр емген - құлынын тастаған биенің екі жасқа дейін емген бұрынғы төлі.

Шобыр - мініске, күш-көлікке өте мықты шабан ат.

Сетер ат - құлынынан қартайып өлгенше жүген-құрық, ер тоқым көрмеген ат.

Пішпе - піштірілген жылқы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота