Қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен. Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар.
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар (скиф) туралы тарихи деректер антикалық авторлардың жазбаларында ғана кездеседі. Сондай-ақ орыс ғалымдары өз зерттеулерінде славяндардың генетикалық туыстығын, сол ежелгі көшпенділерден шыққанын ғылыми тұрғыдан дәлелдемек болды.