В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
olgauschap1
olgauschap1
03.04.2022 22:35 •  Қазақ тiлi

2. 82 бет, 4 тапсырма. Мәтінді оқы, аудар.Мәтін бойынша кластер құрастыр. Төлеген Айбергенов 1937 жылы 8 наурызда Қара қалпақ елінің ≪Қоңырат деген жерінде дү ниге келген.Төлеген Айбергеновтің өлеңдері республикалық бас па сөзде 1957 жыл-

дан бастап жа рия лан ды. Бірнеше өлең жинақтары басылды. Ақын Т. Айбергеновтің

ли ри калық өлеңдеріне көп теген ком позитор лар ән жазды.Төле ген Айбергенов қайтыс болғаннан кейін (1974 ж.) оған ≪Қазақ стан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты»

атағы берілді.Ақын шығармашылығында Отанға, туған елге, адамдарға деген сүйіс-

пен шілік ерекше орын алады. Ақын әртүрлі тақырыптағы лирика лық шығар-

маларында замандастарымыздың игілікті болмысын жырлады. Ол сәтсіз-

діктерге бой алдырмады. Жаны нәзік ақын өз ойын, сырын поэзиямен бөлісті.

Төлеген ақындығының кілті — лиризм. Ол әлемді өте терең сезімтал дық пен

жырлады. Төлеген ақын адамдарды бауыр, дос, жолдас санады. Сон дықтан ол

аса көпшіл болды. Оның куәсі — ≪Бір тойым бар≫ өлеңі. Ол барлық сәтсіздікті

өзі ғана көтеріп, қуанышы мен игілігін айналасын да ғы адамдармен бөлісуді

бақыт санады.​

Показать ответ
Ответ:
lol1039
lol1039
15.05.2021 08:45

Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сайқтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді. Еліміздің асқақ ақыны, патриоты, ұлт жанашыры Мұхтар Шахановтың:

«Достық деген ізгіліктің алаңы,

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта досын сатқан адамдар!»

деген жолдарынан достықты қандай дәрежеде бағалағаны сезіледі.

Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халықымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады.  Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.

0,0(0 оценок)
Ответ:
илья1948
илья1948
15.05.2021 08:45

Өмірде шынайы дос ,өзіңе серік болатын дос табу қиын.

Достыққа жүрмін, достыққа жүрмін құмартып,

Өлгелі жүрмін өзіме-өзім мін артып.

М.Мақатаев.

   Ойлап қараңызшы...Достықсыз адамдар арасындағы қарым-қатынасты елестету мүмкін бе?Әрине,жоқ.Достық ол адамдардың бір-бірімен ұқсастығы,талғамдарының сәйкес келуі ғана емес.Достық деген адамдардың бір-біріне қиын кезде де,қуанышта да бірге болуы,арадағы қатынасқа адалдықпен,ақ ниетпен қарауы.Былайша айтқанда,адал дос та,амал дос та бұл өмірде кездеседі.Тек олардың ара жігін айыра білу керек.

   Қай адам болмасын жанынан әркез табылар шынайы досты іздейді.Әрі досына қарап адамды бағалайтынымыз тағы бар.Осыларды ескере отыра ондай адал достарды табу қиын істердің бірі екендігін білуге болады.Алайда,өзгеден мін іздеместен бұрын өзіңізге назар салып,баға беруіңіз қажет.Шын досқа лайықты болмасаңыз кемелденіңіз,ойларыңыз бен пікірлеріңізді өзгертуге тура келеді. Дана халқымыз «дос жылатып айтады,дұшпан күлдіріп айтады» демекші,өтірік дос кейпін танытып,екіжүзділікке баратындарға сенгіш аңқау болмауыңыз керек.

Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,  Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,  

Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,  

Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,  

Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше,- дегендей,қазір осындай достардың түрі көбеюде.Оларды ажырата алу үшін ақылдылық пен көрегенділік керек.

Бұл өмірде шексіз ешнәрсе жоқ дейді ғой.Бір қаламмен мәңгілікке жаза бермейсіз,себебы сиясы бітеді.Адам да мәңгі өмір сүрмейді.Ал осылайша екі адам арасындағы достық жібінің мәңгілікке үзілуі – ол ешқандай достықтың болмағанының белгісі.Бұл сөзіме Марк Твеннің:“Достық үзілмейді, үзілсе ол достықтың болмағаны,”-деген сөзі дәлел.

Қорытындылай келе,бұл өмірде нағыз досты табу – қиынның қиыны.Алайда адал достық бұл қиындықтарға тұратын қатынас.Жоғарыдағы аталған шарттар орындалса,өзің шынайы бола білсең ғана шынайы досыңды іздемей-ақ табасың дегім келеді.Ал сол бір нағыз досыңды тапсаң,арадағы алып күштен айырылып қалмауға тырыс.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота