2. Адамның жеке басының мінез-құлқын сипаттайтын екі сөйлемді көрсетіңіз. а) Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары.
b) 2014 жылдан бастап №21 жалпы орта білім беретін мектепте оқиды.
с) Оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға қатысады,
d) Адамдармен тез тіл табыса біледі.
е) ғылыми-зерттеу жұмысына деген зор оқу қабілетін көрсете алады.
[2]
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!