2. Қар туралы мәліметтермен танысыңдар. Жалғауларды тауып, талдаңдар. Үндестік
заңы бойынша түсіндіріңдер.
Үлгі: Ғалымдар (к.ж.) жер бет+і+нде (т.ж.3+ ж.ж.) бір-біріне (т.ж. 3+
б.с.ж.) ұқсас қар+дың (а.с.ж.) болмайтын+ы+н (т.ж3+т.с.ж) дәлелдеген (ж.ж 3 ).
Қардың 95%-ы ауадан тұратындықтан, оның қүлау жылдамдығы өте баяу.
Антарктида тауларында қызыл, күлгін, сары түсті қарлар кездеседі.
Қардың сықырын -2°С температурада аяқпен басу арқылы естиміз.
Жер шарының жартысына жуық елдері қарды өмірінде көрмеген.
Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі.