2. Ауыз әдебиеті көпнұсқалы шығарма. Шығар-
малар ауыздан-ауызға тарау арқылы өзгерістерге
ұшыраған. Айтушылар өздерінің өзгертулерін ен-
гізіп отырған. Осыған байланысты олардың әртүрлі
нұсқалары болған. Мысалы, «Қозы Көрпеш - Баян
сұлу», «Қобыланды батыр» және тағы басқа жыр-
лардың бірнеше нұсқалары бар.
Хал
деген
Әр адамның өз болмысына жақын, өзі ұнататын, бала күнінен еліктеп өсетін батыры болады. Бала күнімен халық ауыз әдебиетіне жақын болып, ертегі кітаптарды жастанып өскендіктен менің сүйікті қаһарманым тиісінше ертегі кейіпкері болды. "Ер Төстік" ертегісін оқып, ондағы Төсіктің ерекшелігіне қызығып, батылдығына тәнті болып өстім. Оның ағаларын іздеуі, қалыңдығы Кенжекей үшін күресуі ертегінің қиял әлеміне еріксіз елітіп әкететін. Ертегідегі Төстік - адал, батыл, бауырмал әрі махаббатына адал жан. Шалқұйрық атқа мінген батырдың ерекше болмысында ешкімде кездеспейтін қасиет, ешкімнен таныла бермейтін мінез бар. Оның дүниеге келуі де, өсіп ер жетуі де өзгелерден ерек. Бітімі бөлек Төстіктің бастан кешкен оқиғаларын оқып отырып өзім де сондай батыл, айтқанынан қайтпайтын адам болсам екен деп армандайтынмын. Кенжекей сұлуға осындай азаматтың бұйырғанына қуанып, іштей қызғатынмын да. Бала күннен сүйікті қаһарманым болғандықтан, өмірде де дәл сондай ер мінезді, өжет, досқа да, жарға да адал азамат кездессе екен дейтінмін. Ондай ердің отбасын ғана емес, бүтін елді қорғай алатынына, елі үшін қызмет ететініне кәміл сенетінмін. Бүгін де сол қиялдың жетегінде жүріп, Төстіктің бойына біткен мінез тек ер адамда ғана болмауы тиіс деп ойлаймын. Мінез, қасиет - бар.